Тотығу-тотықсыздану электродтары Сипатталған электродтық процесстерден айырмасы тотығу- тотықсыздану электродтары жағыдайында атомдар немесе иондардың электрондарды қосып алуы мен беріп жіберуі процесстері электрод бетінде емес, тек электролит ерітіндісінде жүзеге асады. Егер платина (немес басқа инертті) электродты екі- және үшзарядты темір ионы бар ерітіндіге салса және бұл электродты басқа электрод өткізгішімен жалғастырса, онда платинадан берілген электрондар есебінен Fe3+-ның Fe2+-ге дейін тотықсыздануы немесе платинаға электрондар беруімен Fe2+-ден Fe3+-ке дейін тотығуы болуы мүмкін. Платинаның өзі электродтық процесске қатынаспайды, тек электрон тасымалдаушы ғана болады. Бірінші текті инертті өткізгіштен тұратын, электролит ерітіндісіне батырылған, әр түрлі тотығу дәрежедегі бір элементі бар осындай электрод тотығу-тотықсызданунемесе редокс-электроддеп аталады. Тотығу-тотықсыздану электродының потенциалын стандартты сутекті электродқа қатысты да анықтайды:
Pt, H2 / 2H+ // Fe3+, Fe2+ / Pt
Тотығу-тотықсыздануэлектродтары(редокс-электродтар) – металы тотығу-тотықсыздану реакциясына қатынаспайтын, тек электрон тасымалдаушы болатын электродтар.
Pt Sn2+, Sn4+; PtFe3+, Fe2+ Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштардан басқа бөлшектер қатыспайтын тотығу-тотықсыздану реакциясы үшін редокс-электродтың потенциалының εRO[Ox] тотыққан және [Red] тотықсызданған формалар концентрациясынан (белсенділіктен) тәуелділігі келесі түрде болады (мұнда n
- тотығу-тотықсыздану реакциясының элементарлы актісінде қатысатын электрондар саны):