Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Темперамент, мінез және қабілеттер. Темперамент негізі ретінде



Pdf көрінісі
бет19/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113
Темперамент, мінез және қабілеттер. Темперамент негізі ретінде 
жүйке жүйесінің қасиеттері.
Темперамент - әрбір кісінің жеке басына 
тән дара өзгешеліктің бірі. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар 
болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша - темпераментум дейді. Мұндай 
атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті 
білдіреді. Бұл өзгешелік - ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және 
жүріс - тұрысы мен қимыл - қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге 
адамдармен қарым - қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз 
темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке 
адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігінің сыр — 
сипатына зерттеуші -ғалымдар ерте замандардан - ақ айырықша мән берген. 
Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек 
жазған - ертедегі грек жұртының дәрігер - ғалымы Гиппократ ( б. з. д. 460 -
356жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі 
«тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, 
денені жылытатын - қан, салқындататын - сөл, кұрғататын - өт, 
дымқылдандыратын - қара өт. Бұлар бірімен - бірі белгілі бір пропроциялық 
қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай 
әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пропорциялық 
мөлшері көп болса -сангвиник ( латынша - сангуис); сөл көп болса - 
флегматик (грекше -флегма); өт көп болса - холерик (грекше - холе) және 
күшті пропорция қара өтте болса - меланхолик (грекше - мелайнехоле) кара 
өт деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы 
тұрақты орын алды. И.П.Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің 
физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да 
жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады. 
 Темперамент пен мінездің арақатынасы. Мінез-құлық анықтау.
Темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына, яғни, адамның дауыс 
ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қателердің болуына, 
жауаптардың жылдамдығына, пікірлердің ұзақтылығына, адамдармен 
әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы 
алғанда, әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қандай 
темпераментте таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның 
бойында бір темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа 


темпераменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. 
Темперамент арқылы адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін 
анықтау мүмкін емес. Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын 
ғана сипаттайды.Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері 
көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада 
қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, 
темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, 
Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, 
таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау 
әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық 
ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.
Мінез-құлық — 
адамның тұрақты 
психикалық 
ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық 
тірі 
организмнің
 барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік 
иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы 
Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет 
алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс 
береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, 
жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. 
Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-
қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның 
бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын 
қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық 
үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын 
және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет