Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Көп компонентті салалас сөйлем



бет42/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Көп компонентті салалас сөйлем
Cыйыса байланысқан көп компонентті салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен де күрделі саласы. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі ғылымында 1920 жылдардан бері қарай зерттелініп келеді. Бұл ғылым өзінің жарыққа шыға бастаған күнінен-ақ пікір қайшылықтарының, түрлі көзқарастардың нәтижесінде дамып қалыптасқан.
Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағаиына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамматикаларыныңалғашқы үлгілерім жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілері болды.
1894жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі - синтаксиске арнапған (1897ж).
Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-діңешқайсысында «қу.рмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бүнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігі-міздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аты аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз .
В.В.Катаринский «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп таныған /1/.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола турса да бұл зерттеу еңбектері қазақ тілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемніңғылыми тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасапуына себепші болды.
А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақын-дық - мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере келе, құрмалас сейлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмапасу деп 2-ге бөледі .
С.Жиенбаев құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге бөледі /2/. 1935 жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы» деген мақаласында үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.
1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек қамтылған.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас сөйлем деп екіге бөледі. Мұнда сапалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі.
Қазақ тіл ғылымында қүрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабақтас қүрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің керінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»,-деп автор анықгамасын береді (3).
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қосқан ғалымның бірі - Н.Сауранбаев. Ол қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес, салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтылады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі», - дейді.. Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан. Бірақ автордың бұл пікірі қазақтіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы Н.Сауранбаевтың «жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды /4/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет