Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет44/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Сабақтас құрмалас сөйлем

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы

  2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері

  3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты райдың кейде шылау сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ шылаулар 2 жай сөйлемді байланыстыру үшін қолданылмайды, жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарын түрлендіру үшін қолданылады. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың не екенін ұға алмады (Әуезов).


4)Шылаулар арқылы құрмаласуы. Шылаулар құрмалас сөйлемнің салалас түрін жасауға да, сабақтас түрін жасауға да қатысады. Жай сөйлемдерді салаластыра құрмаластыруға жалғаулық шылаулар қатысса, сабақтастыра құрмаластыруға септеуліктер қатысады. Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қызметін атқарғанда септеуліктер бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған тиянақсыз етістікке көмекші болып, соны меңгеріп, жетектеп тұрады. Ондай септеуліктер қатарына шейін, дейін, кейін, бері, сайын, соң, үшін шылаулары жатады. Шұбардың жаңағы сөзі есіне түскен сайын, Әбіштің намысы мен ызасы үдей түсті (Әуезов).
Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы Т.Қордабаев. Ол құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін, ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады /5/.
Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты /6/. ¥.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады.
Б.Сағындықұлының «Аралас құрмаластың мағыналық топталуы» деген көлемді мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас қүрмалас сөйлемнің табиғатына тоқтала келіп: «аралас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан шартты түрде екіге бөлуге болады. Оның біріншісі-баяндауыш формасыз, тиянақгы түрде келетін, тек байланысу тәртібімен келетін, ерешеліктері көп басыңқылы сабақтас сөйлемге ұқсас түрі де, екіншісі-бұндай формаға кереғар, аралық категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, «әрі салаласып, әрі сабақтасып» келетін түрі екендгін айтады.
Жалпы тіл ғылымында құрмалас сөйлем, оның ішінде сабақтас құрмалас теориясы жөнінде пікір қайшылықтары болды. 1950 жылдың аяғынадейіносындай пікірете калды. Мұндай пікір алшақтықтары қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл түркология ғылымында да орын алды. Оны Н.З.Гаджиеваның мына сөзінен көреміз: "Құрмалас сөйлем проблемасы –түркологиялық әдебиеттердегі еңдаулы мәселе. Алуан түрлі, көп жағдайда, бірін-бірі жоққа шығарып жататын пікірлерді кездестіруге болады. Бұл -түркологтардың кесемшелі, есімшелі, қимыл өсім тіркестерінің құрылыстарын әр турлі түсіндірулерінен туындап отыр", - деп сабақтас құрмаластың құрмаласу тәсіліндегі баяндауыштың құрамы жайлы айтады.
Қ.Есенов өзінің "Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі типтері" деген мақаласында: "Қазақ тіліндегі сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын өзара саралап тапшылағанда, жоғарыда аталған синтетикалық, аналитикалықжәне аналитико-синтетикалық тәсілдердің мұнда да кездесетінін байқауға болады", - дей келе, жасалу тәсілін үшке бөліп көрсетеді (6).
Сабақтас сөйлемнің жасалуымен қатар оның бағыныңқы сөйлемдерін ажыратуда да пікір қайшылықтары бар. Т.Қордабаев өз еңбегінде "Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентіде, әдетте, сөйлем деп аталады. Бірақ олай аталғанмен мұнда қалыпты сөйлемдерге тән қасиеттердің көпшілігі жоқ. Бұл шын мағынасындағы сөйлем емес, күрделі сөйлемнің бір бөлшегі, бір мүшесі ғана. Сомдықтан мұның өмірі, тіршілігі сөйлемдік құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана. Одан тысқары бұл қолданылмайды да, сөйлем болып есептелінбейді де»,- дейді /5/. Біз бұл пікірді қостамаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет