Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Кезектес салалас сөйлем, оның жалғаулықтары



бет40/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Кезектес салалас сөйлем, оның жалғаулықтары
Жалпы синтаксистік қатынастың негізгі екі түрі бар: предикативтік қатынас, предикативтік емес қатынас. Предикативтік қатынасты білдіретін тұлғалар –сөйлемнің грамматикалық негізін құрайтын бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы предикативтік қатынасты баяндауыштың жақтық, шақтық, модальдық мағыналары белгілейді. Предикативтік емес қатынастың үш түрі бар. Олар: анықтауыштық (атрибутивтік), толықтауыштық (объектілік), пысықтауыштық (адвербиалдық). Бұлардың әрқайсысы өз ішінде жеке грамматикалық мағыналарды бейнелейді. Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді (үлкен үй, он студент, баланың кітабы). Толықтауыштық қатынас қимылдың немесе сапалық күйдің затқа тікелей немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура және жанама объектілік қатынастарға бөлінеді (тауды бұзу, ағашты жару, қаламмен жазу, оқуға ықыласты болу). Пысықтауыштық қатынас мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, амалдық, сын- мөлшерлік мағыналарды білдіреді ( бүгін келу, теңізде жүзу, қуанғаннан секіру).
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нәтижесінде пайда болады, яғни лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым- қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық мағына пайда болады.
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі деп атайды.
Түркітанушы ғалымдардың бір тобы есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді.Проф. А.П.Поцелуевский сөз тіркесін жеке сөзге балап, оны былай бөледі:1) детерминативті; 2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын болғанмен, автордың сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.
Н.К.Дмитриев пен Н.А.Баскаков «атрибуттық» топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе сөйлем деп таниды.Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зертеудің нысаны еткен-Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркесінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады, сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан қарастырады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі деген термин 1950 жылдардан бері қарай қолданыла бастады. 1954жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» атты кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы-сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қарастырылуы.
Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек. Осы шартпен құралған тіркес еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің құрамындағы сөздер еркін қатынаста өзгеріп, алмасып отырады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, грамматикалық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады.Мысалы: асау жүрек, асау қиял, асау жел, тәтті қылық-метафоралық тіркес болса, жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу-тұрақты тіркестер.
Сөз тіркесі синтаксисінің басты зерттеу нысаны- еркін құрамдағы сөз тіркестері.Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады.Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады:бірі-сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, негізгі мағынаға ие болатын грамматикалық діңгегі-басыңқы сыңары, екіншісі-басыңқы сыңарды айқындап тұрған, оған қатысты әрі тәуелді бөлігі-бағыныңқы сыңары деп аталады. Мысалы:Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі.
Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп, ал құрамы үш не одан да көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды.Көлге қонды- көлге қонып жатыр; асықпай сөйле-асықпай сөйлеп ала жөнелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет