Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Жалғаулықсыз салалас сөйлем



бет41/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Жалғаулықсыз салалас сөйлем

  1. Түсіндірмелі салалас сөйлем

Құрмалас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Бағынушы компоненттің баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетінше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрса, екіншісі тәуелсіз, өз бетінше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де сөйлем деп аталғанымен онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің көбі жоқ. Себебі оның сөйлемдік мәні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана айқындала түседі. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізді ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, бағыныңқы компоненті көбіне сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша мүше ретінде қолданылады. Мысалы: Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (М. Әуезов). Бұл қасиет, яғни бағыныңқының басыңқы компонентке тәуелді болып, оның тұрлаусыз мүшесі секілді болуы барлық бағыныңқыға тән емес. Мысалы: Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты (М. Әуезов).


Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:
Компонентінің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.
Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұрғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.
Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.
Бағыныңқы компонентке тән интонация - тиянақталмаған интонация.
Жай сөлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Бұл тәсіл – сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен ұштастыратын ең негізгі және өте жиі қолданылатын түрі болумен қатар, сабақтас сөйлемді салаластан ажыратып танытатын басты белгі болып та есептеледі. Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметін атқарып, оны басыңқымен сабақтастыра құрмаластыратын етістік түрлеріне мыналар жатады:
1) көсемше, 2) есімше, 3) шартты рай және басқа етістік формалары, 4) шылаулар.
1) Көсемше арқылы құрмаласуы. Әрі қимылдың өзін, әрі қимылдың амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі болып саналатын көсемше сөйлемде 2 түрлі синтаксистік қызмет атқарады: пысықтауыш, баяндауыш




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет