Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем



бет46/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі басты мәселенің бірі - оның түрлерін саралау. Қазақ тіл білімінде сабақгас сөйлемдерді мағыналық қатынастарына қарай бөлу кезінде орыс тіл біліміндегі сияқты функционалды принцип бойынша жүзеге асырылды. Яғни бағыныңқының қызметін жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің қызметімен бірдей деп есептеді. Содан барып анықтауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы сынды терминдер пайда болды.
Ал С. Аманжолов өзінің еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді 13 түрге бөлді. Мұнда ғалым бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің қарым-қатынасқа түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны негіз етіп алынатын мағыналық принципке сүйенді.
Қ.Есенов бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде мағыналық-тұлғалық принципті басшылыққа алды. Бұл жерде бағыныңқы мен басыңқы компо-нентті анықтауда олардың мағыналық мазмұны мен жасалу жолдары бірлікте алып қарастырылады. Ол жалпы сабақтастарды қатыстық бағыныңқы, адвербиалды бағыныңқы және ыңғайлас сабақтас сөйлемдер деп үш ірі топқа беледі де, оларды ішінара саралайды . Қ.Есеновтың пікірі дұрыс нұсқа болып табылатындықтан, ғалымның сабақтас жайлы тұжырымдарына толық қосыламыз. Енді түрлеріне тоқталайық.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас. Сабақтастың бұл түрінде бірінде айтылған немесе баяндалған ойдың, жай-күйдің, я болмаса қимыл-әрекеттің келесі сөйлемде қалай жүзеге асуының шарты көрініс табады.
Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді /М.Әуезов/.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас. Алғашқы компонентінде баяндалған іс-қимылдың, жай-күйдің себебін басыңқы компонент айқындап тұрса, немесе керісінше, басыңқы компонент істің салдарын көрсетіп, бағыныңқы компонент жай-күйдің себебін білдіретін болса, ондай сөйлемдерді себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді.
Киетін жылы киімдері болмаған соң, Әлипа көшеге шыққан жоқ /А.Маманов/. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерде айтылатын ой, баяндалатын іс-әрекет бір-біріне қара-ма-қайшы келетін сөйлемді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас деп атайды.
Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнар Байжанды осы Марфуганың сөзіне қарап түсірмеді /С.Мұқанов/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет