Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас



бет47/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас. Құрамындағы жай сөйлем-дердің алдыңғысы соңғысында керсетілген іс-әрекеттің. қимыл, оқиғаның мезгілін, қай уақытта орындалатынын білдірсе, ондай сөйлемдер мезгіл бағыныңқылы сабақгас құрмапас сөйлем деп танылады.
Абай Семейге кеше келгенде, Михаилов оган орыс классиктерінің еңбектерін көрсетті /М.Әуезов/.
Амал (қимыл-сын) бағыныңқы сабақтас құрмалас. Баяндалған жай-күйдің, іс-әрекеттіңсабақгассөйлем құрамындағы жай сөйлемдердіңбірінде амалын, сапасын, сынын білдіріп тұрса, онда ол амал бағыныңқылы сабақгас сөйлем деп аталады.
Ар-ұят, намыс, кек-бәріортақ болған соң, өскер достыгы терең бір магына табады /Ғ.Мүсірепов/.
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас. Басыңқыда баяндалған іс-әрекеттің бағыныңқы сөйлемі мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат бағыныңқылы сөйлем дейді.
Үйлерді күртіктер баспау үшін, қыстың басында ауылды және үйлерді жагалай қамыстан қалқан ұсталады /С. Мұқанов/. .
Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас. Бұл сөйлем құра-мындағы жай сөйлемдердің баяндайтын іс-әрекет, оқиғалары салыстырыла көрсетіледі.
Ой басқан Шығанақты Мұхит сергітсе, елеске ерген Олжабекті жақсы жора сөргітті /Ғ.Мұстафин/.
Мезгілдес бағыныңқы сабақтас құрмалас. Мезгілдес сөйлем компоненттерінде бір мезгілде я болмаса біріне-бірі жалғаса, іле-шала, сондай-ақ сәл уақыт салып болған қимылды, көріністі баяндайды.


Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші түрі - жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру тәсілі. Сабақтас құрмалас сөйлем деп құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқыларының баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келіп,соңғы сөйлемге бағына байланысқан құрмаластың түрін айтамыз. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді бағыныңқы компонентінің басыңқы компонентпен қандай мағыналық қатынаста тұратындығына қарай шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы, салыстырма бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы,амал бағыныңқылы, түсіндірмелі, үлестес делініп 9 түрге бөлініп жүр.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем түркі тілдері синтаксистерінің бәрінде бар және солардың барлығында да сабақтас құрмалас сөйлемнің әбден қалыптасқан негізгі түрі деп есептеледі.
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаудың ең негізгі және өнімді тәсілі- бағыныңқы компоненті шартты райға аяқталған түрі.Шартты рай формалы сөз жіктеліп айтылғанымен,тиянақсыз болады, одан кейін ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мұндайларға кездескен болсаң, баяғыда көше кезіп кеткен болар едің (Әбішев). Торытөбелдің үстіне бір шықсам, жанға шалдырмас едім (Мұстафин).
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасауда –а, -е, -й формалы көсемшенің болымсыз түрі де елеулі қызмет атқарады. Мысалы: Шағала келмей, жаз болмас (Мақал). Үпиген жүрек басылмай, Талапты көңлі елірмес (Абай).
3. Шартты рай формалы етістікке аяқталатын бағыныңқы компоненттер құрамында кім, кімнің, кімге, не дегендер тәріздес сұрау есімдіктерінің бірі келіп, басыңқы сөйлемде сонымен тұлғалас, соған жауап ретінде қолданылатын сол, соның, соған деген сілтеу есімдіктерінің бірі қолданылып, өзара жұптасып, іліктесіп тұратыны да болады. Кім бұрын келсе, сол алады.
4. Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Сендердің сол тұстағы қажырлы еңбектерің болмағанда, мен күрішпен рекорд жасар ма едім (Жақаев).
5. Етістіктің болымсыз түріне –йынша,-йінше қосымшаларының жалғануынан жасалады: Адамның ауыр еңбегін жеңілдетпейінше, одан ақылды іс шығу мүмкін емес (Жақаев).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет