Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Аэробтарға және анаэробтарға зерттеу



бет64/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
Аэробтарға және анаэробтарға зерттеу
Ет консерві банкаларының түбіне бактериологиялық тостаншаға, банканың бүйірлерінен салбырап түсу үшін сияқты жартсын таңдайды. Қызғылт қолданудың залалсызданған тостағаншаларын алады немесе қарапайым 160°С температурада 1 сағат ішінде құрғақ бумен залалсыздандырады.
Консерві банкаларын этикеттерінен босатады, томпонды спиртпен алады, ал банка қақпағына кішкене спирт құйып күйдіреді. Дайын болған банка қақпақтарына күйдіргіш ойығыш қояды, және балға соққысымен консерві банкасының қақпасына тесік соғады. Ойғышты суырып алып, қақпақты тез арада дайын болған бактериологиялық тостағанмен жабады. Залалсыздандырылған пипеткамен тостағанға себілгенде аэробқа зерттеу үшін банкадан 0,5 мл және анаэробқа зерттеу үшін 1,0-2,0 мл материал алады. Себуді Эндо ортасында және екі түтікше 0,5% глюкозалы ет пептонды сорпада жүргізеді, рН 7,2. Орта себілген бір түтікшені су моншасында 20 минут бойы 80°С температурада қыздырады. Себінділерді термостатта 37°С температурада 5 тәулік ұстайды. Өскен культураларды морфологиялық қозғалғыштыққа және Грамм бойынша боялуына зерттейді
Егер Эндо ортасында өсім алынбаса, ал сорпада таза емес культура болса, ондай жағдайда сорпадан Эндо ортаға егер осылай болса, ішек таяқшасы тобына жататын клонияларды бөлу үшін себу жасау қажет. Егер 20 мин 80°С температурада қыздырылған себіндіде өсім байқалса, онда бұл консервіде спора түзуші бактериялар бар екендігін көрсетеді.
Анаэробтарға себіндіні Кита-Тароцци бауыр сорпасында жүргізеді. Бактериологиялық зерттеуге тиісті банкаларды 5 тәулік термостатта ұстайды. Орталарды су моншасында 25 мин қыздыр арқылы оттегіден айырады және суық суда тез суытады. Түтікшедегі себінділерді 20 минут су моншасында 80°С –да спорасыз бактерия формаларын өлтіру үшін қыздырады. Өсіруді 37°С термостатта 5-6 тәулік бойы жүргізеді. Өсімді тексеру және өскен себінділерді зерттеуді жалпы қабылданған әдістеме бойынша жүргізеді.


Тапсырма
1. Ет банка консервілерінің орташа сынамасын алуды үйрену.
2. Ет банка консервілеріне сыртқы қарау мен оргонолептикалық зерттеу жүргізу.
3. Ет банка консервілеріне бактериологиялық зерттеу жүргізу.
4. Ет банка консервілеріне санитарлық баға беру.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет