Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Жұмыртқаның техникалық бұзылуына



бет67/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Жұмыртқаның техникалық бұзылуына келесі белгілері бар жұмыртқалар жаталы:
«тұмақ» - ішінде қара,мөлдіремес жұмыртқалар
«красюк» - сарыуыздың ақуызбен толық араласқан жұмыртқасы
«қанды сақина» - саруызының беткейінде сақина тәрізді, дүрыс емес пішінді қанды тамырлар көрініп тұратын жұмыртқалар
«сағым» - инкубатордан алынған ұрықтанбаған сияқты жұмыртқалар басқа бөтен қосылыстардың бар болуы (қан, ішекқұрттар, қатты бөлшектер)
«Тұмақ» бұзылысы бар жұмыртқаларды иесінің қатысуымен орнында құртады, басқада аталған бұзылулары бар жұмыртқаларды иесіне қайтарып бермейді. Оларты құртады немесе азықтық ұн өңдеуге бағыттайды, және сол туралы акт құрастырады. Сатылымға рұқсат ет ілген жұмыртқада «Ветқарау» белгісі бар клеймо енгізеді немесе қойылған үлгідегі этикетканы береді.
Жұмыртқа ішіндегісінің дәмі мен иісін анықтау
Кастрөлге су құяды, қыздырғыш құралға қайнағанша қояды. Жұмыртқаның 2-10 дана мөлшерін зерттеу үшін, партияның көлеміне және сапасының жағдайына байланысты біркелі алады, оларды қапшықпен қайнаған суға қыздыру біткеннен кейін салады. Бір уақытта қайнаған суға 100°С термометрді қояды. Егер судың температурасы 90°С-ға дейін түсетін болса, жұмыртқаны суда 7 минут, 80°С температурада 8 минут, 70°С-да 9 минут ұстайды. Көрсетілген уақыт біткеннен кейін қапшықты ыстық судан алады, кейін суды төгіп, қайтадан кастрөлге жұмыртқа салынған қапшықты 6 минутқа қою үшін, температурасы 20°С судың жаңа үлесін құяды. Осы уақыт біткеннен кейін, жұмыртқаларды температураның төмендеуi үшiн әжептәуiр 35 - 40°С - ке дейiн жеткілікті және жұмыртқа ішін қарауды жүргізеді. Жұмыртқаны тұқыл соңынан ашады және ауа камерасының иісін бірден анықтайды, кейін ақуыз бен сарыуызды жеке-жеке зерттейді.
Жұмыртқа ұнтағын түсі, құрылысы, дәмі және иісі бойынша оргонолептикалық бағалайды.
Түсі және құрылысы.Түсін және құрылысын құрғақ ұнтақта, барлық массада бояудың біркелкілілігіне, сондай – ақ түйіртпектің болмауына назар аудара отырып анықтайды.
Дәмі. Жұмыртқа ұнтағының дәмін «қалыпты қоспада» анықтайды. Оның дайындалуы үшін техникалық таразымен 20 г жұмыртқа ұнтағын өлшеп алады, оны фарфорлы тостағаншаға ауыстырады, 60 мл су қосып, мұқият араластырғаннан кейін ісіну үшін 15 минутқа қояды. Алынған «қалыпты» қоспаны біркелкі массаға дейін аралстырады, табаға құйып майсыз, әлсіз отта қыздырып пісіреді. Пісірілген массаны бөлме температурасына дейін суытып және кейін дәмін анықтайды.
Иісі. Бұл көрсеткіш қалпына келтірілген жұмыртқа ұнтағында анықталады. Тар шыны стақанға 20 г жұмыртқа ұнтағын өлшеп алады, 20 мл ыстық суды құяды, шыны таяқша мен араластырып, иісін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет