51
- Сейіт өзінің олақтығына ыза болып, ауылға қарай тез аяңдап кетті. Аяқ
басысы біржола түзеліп, тізесі бүгілмей, бөксесі боқшаланбай, көлеңке
сымбаты да түзеле қалыпты.
- Кеуде
жағы теңселе қозғалып, оңашада Игілікке еліктейтін əдетінше,
алшаң басқансып, Омар қарсы ұшырасты Сейітке.Бар шабарманның не мұңы
барын, нені айтатынын жақсы білетін Сеит сөйлескісі келмеп еді, Омар ол
ырқына жібермей:
- Көптен көрмеп ем, құрғырың биылғы жайлаудан пісіп қайтыпты ғой!
Мытысаң еттің өзін, сайға қарай неге сүйреп əкетпедің? – деді.
- Өзі ызаланып келе жатқан Сеит, бұл жолы Омарды да сыйлай алмады:
- Сен менімен
бұлай сөйлесуді қой енді, білдің бе? Жетер! – деді.
Əлдеқайда алыста жатқан зілі барлығын жасырмай, жеркене айтты. Енді
Омардың жауабын күтпей, қалжыңынан да, кешірім сұрай қалса – онысынан да
безініп, ілгері жүріп кетті. – Сондағың есікте жүрген бір қыз ба, əй? - деді де
Омар қала барды.
- Сеит онысына да құлақ аспай, ұзап кеткен соң ғана Омар қайрат көрсетіп:
- Байғұс бала, есімнен біржола шығып бара жатыр екенсің, жақсы ескерттің-ау!
- деді. Сеиттің жаңағы ыңғайын жігер лебі деп ұққан жоқ, ояна бастаған кек
салқыны деп түйді.
- Омар мен Сеиттің
арасында кейін айрылатын, күні тууын күтіп жатқан
бір
есеп бар еді. Ол бұл даланың оңай ұмытпайтын, өлмей кешпейтін, күнде
балалатып өсіріп отыратын бір
кесібі. Түйе орнына түйме алып тына ма,
айыптыға айып төлеп құтыла ма, əйтеуір, өз ойында «есебім қайтты» деген
иман ұялғанша, ол құрт ауру қалмайды да. Оның аты –
кек. Кейде онысы
«қорғалаттым мен» де, «алдыма əкеп табақ тартқыздым мен» де бітіп қалады
Əйтеуір, ауыл-үйден бір-екі селтекей «кегің енді қайтты» деуі керек. Оған дейін
тыным да
жоқ, тыныштық та
жоқ, тіпті ерініп те тоқтай алмайды.
- Сеиттің əлгі қыр көрсете сөйлегені Омардың есіне сондай бір ескі кекті
түсіріп жіберді.
Ойына қобалжу кіргенде, қараңғы үйде жатып, жалғыз
ойланатын əдеті бойынша, Омар қазір насыбайын атып алып, ірге жаққа шырт-
шырт түкіріп, бар оқиғаны басынан ойлап жатыр. Байының ойын тыңдағысы
келгендей, үн шығармай, қыбыр етуге қорқып жатқан əйелінде жұмысы да
болған жоқ. Үстінен аттап өтті де орнына жатты... Əрине, əркімнің де əкесі
өледі.Бұл құдай
ісі. Шешесі де өледі, бұл да құдай
ісі болу керек. Шаңырақ басы
жиналатын ескі недоемкедей, бұл екеуінің бір соқпай кетер үйі болмайды. Əке-
шешесі өлсе əркім де жетім қалады. Сақал-мұрты бар демесең, түптеп келгенде,
осы Омардың өзі де
жетім... Сеит сол көп жетімнің бірі... Осы араға дейін
Омар сүрінбей-ақ келеді де, тоқталып қалады. Одан əрі қараңғы түндер ғана
білетін бірталай күңгірт қылықтар басталып кетеді де, Омар өзін сол
қылықтардың ортасында көреді...».
Достарыңызбен бөлісу: