Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет30/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
treatise527

№ 
Автор, шығарма атауы 
Есімді 
сөйлемдерді
ң жалпы 
саны 
Таза есімді 
сөйлемдер 
саны 
Құрама 
баяндауышт
ы сөйлемдер 
саны 
1 М. Əуезов «Абай жолы» 
роман-эпопеясының 
«Шытырманда» 1-бөлімінің 
156-157 беттер 
40 21
19
2 С. 
Мұқанов 
«Ботагөз» 
романының «Тұңғиықта» 1-
бөлім 19-20 беттер 
19 7 12 
3 Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» 
1-бөлім 26-28 беттер 
11 5 6 
4 Ғ. Мұстафин «Миллионер» 
2-бөлім 153-156 беттер 
17 10 7 
Салыстыру нəтижесі: 
1 М. Əуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» 
1-бөлімінің 156-157 беттердегі мəтінде барлығы 40 есімді сөйлем - таза есімдісі 
21, құрама баяндауышты 19 сөйлем.
2 С. Мұқанов «Ботагөз» романының «Тұңғиықта» 1-бөлім 19-20 беттердегі 
мəтінде барлығы 19 есімді сөйлем – таза есімдісі 7, құрама баяндауышты 
12 сөйлем.
3 Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» 1-бөлім 26-28 беттердегі мəтінде барлығы 
11 есімді сөйлем- таза есімдісі 5, құрама баяндауышты 6 сөйлем. 
4 Ғ. Мұстафин «Миллионер» 2-бөлім 153-156 беттердегі мəтінде барлығы 
17 есімді сөйлем – таза есімдісі 10, құрама баяндауышты 7 сөйлем. 
Жалпы М. Əуезов қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді практикалық та 
теориялық жағынан алғаш дəріптеуші ғалым. Бұл автордың тек əдебиетші ғана 
емес, тілден де хабары бар екенін көрсетсе керек. Сондықтан да біз бұл 


55
жұмысымызда тек осы эпопеядағы есімді сөйлемдердің мынадай түрлерін 
қарастырдық:
- Зат есімді есімді сөйлемдер; 
- Сын есімді есімді сөйлемдер;
- Сан есімді есімді сөйлемдер; 
- Есімдікті есімді сөйлемдер; 
- «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер; 
- Зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- Сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- Сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- Есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер; 
- «Бар», «жоқ» сөзді құрама баяндауышты е сімді сөйлемдер. 
Осылардың əрқайсысын мына сөйлемдер арқылы көрсетуге болады: Тіпті 
нəзік, жазықсыз бала тəрізді. Бірі - қартаң, бірі жас қылаң. Абайдың 
қасындағы жас жігіттер саны он екі. Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені 
осы. Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар бар екен. Бұл жайды ашып 
айтысқан кісі жоқ. 
Міне осы сөйлемдер зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдік арқылы 
жасалған. Тіпті осындағы зат есімді сөйлемдер бала тəрізді сияқты зат есім мен 
модаль сөздер арқылы да жасалған. Сонда осы есімді сөйлемдердің 
əрқайсысының өзіндік жасалу жолдары бар. Өзіндік жасалу ерекшеліктері, 
осыған сəйкес олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктері бар.
Осы кезге дейін есімді, етістікті сөйлемдердің жасалуы, эволюциясы 
туралы түрліше көзқарастар бар. Сонда ірі ғалымдар есімді сөйлемдер бұрын 
қалыптасты десе, керісінше, етістікті сөйлемдер бұрын қалыптасты деген де 
көзқарастар орын алуда. Орыс тіл білімінде есімді сөйлемдердің етістікті 
сөйлемдерден бұрын пайда болды деген М. Ломоносовтың пікірін 
қолдаушылар А.А. Потебня, А.А. Шахматов, Н.Ю. Шведова, В.А. Белошапкова, 
Г.А. Золотова, З.П. Табакова, Н.М. Александров, Я.И. Рословец болды. Түркі 
тілінде А.П Поцелуевский, Э.В. Севортян, Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренников 
т.б. ғалымдар ең алдымен есімді сөйлем пайда болғанын, содан кейін етістікті 
сөйлемнің пайда болғанын ғылыми дəлелдейді.
Ойдың ұғымдық мəнін білдіретін есімді сөйлемдер М. Əуезовтің «Абай 
жолы» роман-эпопеясында мол ұшырасуы кейін жазба əдебиетінде есімді жай 
жəне құрмаластардың қалыптасуына негіз болды деп білеміз. Сөйлемдердің 
есімді түрі соңғы уақытта айтыла бастады. Жоғарыда талданған еңбектердің 
барлығы есімді сөйлемдерді жеке зерттеудің нысаны ретінде қарамаған. Олар 
сөйлемнің түрін ажыратуда, баяндауыштың жасалу ерекшелігін анықтағанда 
айтылып отырған. Қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдерді жеке зерттеу 
нысанасы ретінде қарастырған елеулі екі еңбек бар. Оның бірі – 
К.Қ. Оңалбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер» атты 
кандидаттық диссертациясы. Екінші жұмыс – Б. Елікбаевтың «Қазақ тіл 
біліміндегі 
есімді 
құрмалас 
сөйлемдер» 
тақырыбына 
кандидаттық 
диссертациясы.


56
Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден негізгі айырмашылығы- 
олардың баяндауыштары есімдерден жасалады жəне сөйлемдегі ойдың 
ұғымдық мəнін білдіреді. Есімді сөйлемдер мен етістікті сөйлемдердің 
мағыналық сипаты бірдей емес. Егер етістікті сөйлемнің баяндауышы сан алуан 
амал, əрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты 
ұғымдарды қамтиды, ал есімді сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан 
жасалып тұрғанын, сол сөз табының заттық, сындық, сандық, мекендік, 
салыстырмалылық, мезгілдік мағыналарын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет