құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ аң. Жемін аулауға
көбінесе іңір қараңғылығында шығады. Негізгі қорегі – әр түрлі
тұяқты
аңдар. Саны азайып бара жатқандықтан, барыс қорғауға алынған. Барыс
қыста немесе жазғытұрым үш күшік туады. Олар – биік тауда мекен ететін
жыртқыштар.
Теңіз сүтқоректілері: итбалық, морж, кит, дельфин, кашалот.
Су сүтқоректілеріне тұщы суда және теңізде өмір сүретін сүтқоректілер
кіреді.
Тұщы суда кәмшаттар, үйректұмсықтар және дельфин тәрізді
сүтқоректілер тіршілік етеді. Теңізде киттер, теңіз арыстандары, итбалықтар,
дюгоньдар және басқа сүтқоректілер кездеседі.
Теңіз сүтқоректілерінің суда қозғалуға ыңғайлы ескектері немесе
жүзу қанаттары болады. Олардың өкпелері болғандықтан, ауа жұту үшін су
бетіне шығады. Көпшілік су сүтқоректілерінде суық судан қорғайтын
қалың
тері қабаттары бар. Дельфиндер мен киттер – ақылды әрі сезімтал
жануарлар.
Достарыңызбен бөлісу: