Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет136/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІІІ. Жаңа сабақ 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
Қосымша әдебиетпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады. Мұғалім оқуға уақыт береді). 
Жануарлар әлемі. Сүтқоректілер 
 
Жануарлар – жүруге және сезінуге бейім тіршілік иелері. Олардың 
дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. 
Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс 
органдары жақсы жетілген. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі 
маңызы өте зор. Олар азық-түлік, ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, 
бақалшық сияқты әртүрлі өнеркәсіп шикізатын береді. Жануарлар дүниесі 


сүтқоректілер, құстар, балықтар мен омыртқасыздар, қосмекенділер мен 
бауырмен жорғалаушылардан және т.б. түрлерден тұрады. 
Жабайы арыстандар мен пілдерден бастап, үй мысықтары мен адал 
иттер тіпті кішкентай тышқандарға дейін «сүтқоректілер» болып табылады. 
Жұмыртқадан дамитын жануарлардан ерекшелігі – сүтқоректілер өз 
аналарының жатырында өседі. 
Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер – салқынқанды 
жануарлар. Оларға қолтырауындар, кесірткелер, жыландар, тасбақалар және 
т.б. жатады. Олардың көпшілігі жылы немесе тропиктік климаттарда өмір 
сүреді. 
Теңіз жануарлары немесе су жануарлары мұхиттың, теңіздің және өзен-
көлдің тұңғиық терең жерлерін мекен етеді. Теңіз жануарлары бір-бірінен 
пішіні, көлемі және түр-түсі жағынан ерекшеленеді. 
Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады
Сүтқоректілер жер бетінде 200 миллион жыл бұрын пайда болған деп 
саналады. Әлемде сүтқоректілердің шамамен 4000-нан аса түрі бар. Олардың 
көпшілігі құрлықта, біразы сулы ортада тіршілік етеді. Сүтқоректілер 
жылықанды жануарлар болып табылады. Олар дене қызуын сақтай 
алатындықтан «жылықандылар» деп аталады. Сүтқоректілер төлдерін өздері 
туады. Төлдері анасының сүтімен қоректенеді. Олардың өкпелері мен сүйекті 
құрылысы бар. Сүтқоректілердің жақ сүйектері жейтін азығына қарай 
ерекшеленеді. 
Жолбарыстар, 
арыстандар, 
кенгурулер, 
маймылдар, 
жылқылар, гориллалар, аюлар, сиырлар кеңінен танымал сүтқоректілерге 
жатады. Адамдардың өзі – сүтқоректілер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет