Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет138/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Тұяқты сүтқоректілер: бұлан, түйе, жираф, зебр, бұғы, сиыр, қой, ешкі. 
Бұл сүтқоректілер шөпқоректілерге жатады. Шөпқоректілерге өсімдіктерді 
азық ететін сүтқоректілер жатады. Үй жануарлары, бұғы, керік, түйе –
шөпқоректілер. Олар өсімдіктерді жылдам шайнап, жұтып жібереді. Азық 
ыдырайды немесе қорытылады да тағы да шайнау үшін ауызға қайта түседі. 
Бұл «күйіс қайтару» деп аталады. 
Өсімдік жейтін шөпқоректілер көп уақытын өздеріне қажетті 
қоректерді іздеуге жұмсайды. Керіктер басқа жануарлар жете бермейтін 
ағаштың ұшар басындағы жапырақтарымен қоректенеді. Ешкі – антилопа 
азық іздеп, жартастан-жартасқа секіре алады. Ұзын аяқты импала да өсімдік 
жапырағын жейді. Буйволдар менешкілер сияқты кейбір шөпқоректі 
жануарлар сүтті болғандықтан, олардың адамға пайдасы мол. 
Жойылып кету алдындағы сүтқоректілер. 
Жойылу қаупі төнген жануарлар қатарына табиғи өлім мен адамдардың 
көп аулауы салдарынан саны азайып кеткен жануарларды жатқызамыз.
Өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының дамуына байланысты жабайы 
жануарлардың тіршілік ететін аймақтары күннен-күнге тарылып барады. 
Оларды қорғау үшін табиғи өмір сүру ортасы сақталуда. Құрып кету қаупі 
төнген жануарлар тізімінің басында африка және азия пілдері тұр. 
Киттер әсіресе көк киттер жолақты киттер де жойылып кету қаупіне 
ұшыраған су сүтқоректілері. 
Жер бетінде қызыл қасқырдың, негізінен, ұрғашылары ғана қалғандықтан
қасқырдың бұл түрі жойылудың аз-ақ алдында. 
Топтарға тапсырма. (Төмендегі жетелеу сұрақтарын топтарға бөліп беру. 
Топ мүшелері берілген сұраққа мәтін ішінен мәлімет жинайды. Өздерінің 
білгендерін де қосуға болады). 

Сүтқоректілер дегеніміз не? 

Сүтқоректілердің қандай түрлерін тануға болады? 

Олардың қандай ерекшеліктері бар? 

Сүтқоректілердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз 



Сүтқоректілердің адам өміріндегі және табиғаттағы орны, маңызы. 

Сүтқоректілерді қалай қорғауға болады? 

Түйінді ойыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет