Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың авторлық мектебі
Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынд ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксперименттік. мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша "Тарлан-2000" сыйлығының иегері.
II. Негізгі идеялары мен тәжірибелері:
Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.
Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қалалық жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының "Экология негіздері" деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген.
Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, "Журналистика негіздері", "Социология және психология негіздері", т.б. курстар оқылып, балалардың толықтай орта білім алуына, өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды. Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік-жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.
Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындары мен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды. Мектеп бітіруші түлек мемлекеттік аттестат, паспорт, 2 жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының "Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін", - деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.
Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты - заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді.
Ұстаздықтың шыңын бағындыра білген мектеп пен білімнің қыраны Архимед Мыңбайұлы өзінің авторлық мектебін тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге мәшһүр етті. Аталмыш мектепте екі жүзге жуық бала тәлім алып, қазіргі таңда елге адал қызмет етуде. Мектептің тарихына шолу жасайтын болсақ. Архимед мектебін көпшілік «Болашақ мектебі» деп атаған. Мектепте оқыған балалар түске дейін, сабақ басталар уақытқа дейінге өндіріс орындарында жұмыс істеп, тапқан ақшаларының елу сомын мектеп қаражатына салған. Осылайша, оқушылар өз қаражаттарына жазды күні шетелге қыдыруға шыққан. Жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыра білген мектептің тағы бір ерекшелігі-жаңашылдығында. Оқушылар аталған мектепте тек жалпы білім бағдарламаларын ғана емес, болашақтағы мамандықтарын сол кезден бастап меңгерген. Мысалы, мектепте қосымша әртістік өнер және киноиндустрия, қолөнер және мүсін өнері сынды сабақтар болған.
Тәжірибелік мектеп ерекше тәрбиені қажет ететін жасөспірімдерге арналған бұрынғы арнайы мектеп мекемесінде орын алды деп журналының тілшісі жазады. Мектептің енгізілулерінің бірі оқудың ерекше кестесі болды.Әр 1988 жылы оқуға түскен жасөспірім сағат 08.00-12.00 дейін жұмыс істеп, сағат 14.00-20.00 дейін мектеп сабақтары, ал 20.00-23.00 дейін қосымша сабақтар болған.
Достарыңызбен бөлісу: |