91
Жығылып Мағауияның тіккен туы,
«Аламан! Аламан!»
деп қайта қашты
[E.К].
«
Аламан»
екі түбірден біріккен күрделі сөз. Бірінші компоненті
ал
етістік,
екінші компоненті
ман.
Бұл алғашқы кезде
адам, күзет, қарауыл, жасақ, мен
/есімдік/ мағынаны білдірген. Кейін бұл мәнінен айырылып, қосымшаға
айналып кеткен. Екі сөздің арасындағы
−а
көсемшенің жұрнағы [120, 53-54 б.].
Нұртуғанда
«аламан»
сөзі
көпшілік, бұқара, қауым
деген мағынаны білдірсе,
Ерімбетте
айқай-шу, тасыр-тұсыр
мағынасында қолданылған.
Қазіргі тіл қолданысында
«аламан»
сөзі тіпті қолданылмайтын
пассивтенген аталым. Бірақ, осы аталымның екінші компонентімен
(ман//мен)
жасалған жаңа аталымдар да жоқ емес. Мысалы,
аларман, берермен, көрермен,
тыңдарман, сатарман
деген кейінгі аталымдар пайда болды. Мұндағы
көрермен, тыңдарман
да көптік мағынада қолданылады.
Көнерген аталымдардың ішінде өзіне басқа мағына қосып алып, екінші
сөздің қызметін атқарып жүрген сөздер де аз емес. Мысалы,
құн, қол, қарындас,
батыр, байрақ, жарғы, бәйбіше, тоқал, дүр, зайыр
т.б. көнерген аталымдардың
түп мағынасынан қазіргі сөз қолданысындағы мағынасы жаңаша, тіпті
тұлғалық өзгеріске түспегенімен мағыналық ерекшелігі зерттеу жұмысының
бірінші бөлімінің «Е.Көлдейбекұлы мен Н.Кенжеғұлұлы шығармаларындағы
көнерген аталымдардың уәжділік ерекшеліктері» деп аталатын тараушасында
талданды. Сондықтан қайталаудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.
Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексика-
семантикалық тәсілдің өзіндік орны барын білдіреді.
Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам
процесінің нәтижесіне жатады. Сондықтан туынды сөздер сөзжасам ілімінің
зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.
Жоғарыда айтылған сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған көнерген
аталымдардың барлығы да қазіргі тілде көнерген болғанымен, Нұртуған мен
Ерімбет өмір сүрген кезең үшін актив аталымдар. Ақындар сөздерді тіркестіріп
қолдануда орын тәртібін сақтап та, сақтамай да тиімді әрі орынды қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: