Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет107/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

көнерген 
аталымдар
ақындар 
шығармаларында өзек мағынасында беріліп, өлең құрамында әртүрлі мағынада 
қолданылған. Мәселен, Нұртуған мен Ерімбет шығармасында мынадай жолдар 
көзге түседі: 
Қуанып жүрегімде от жанады, 
Тазарып құтылғасын бай мен 
бектен
 
[Н.К.Іт]. 
Ұлығы Түркістанның Қожа Ахмет, 
Бай, батыр, мырза мен 
бек 
неше күшті-ай!
[Е.К]. 
Мұндағы 
бек
 
көнерген аталымы ақындар өмір сүрген тұста 
«феодал, ел 
билеуші бай» 
деген мағынаны білдіретін зат есім екені белгілі. Осы 
бек
сөзін 
Ерімбет ақын шығармасында 
«аса, өте, тым, тіпті»
деген мағынада 
қолданылуы кездеседі. 
Жан екен 
бек 
айбатты, түсі суық, 
Қорыққаннан ойладым мен бас бағуды
[Е.К]. 
Осы мысалдардағы 
әкімшілік-әлеуметтік атау 
мағынасындағы 
бек
бұл 
сөздің негізгі мағынасы, ал күшейтпелі шырай арқылы келтірілген 
бек
сөзі 
тұлға жағынан еш өзгеріске түспегенімен, мағына жағынан түрленген. 
Сондай-ақ, Нұртуған мен Ерімбет ақын тіліндегі 
мақұлық
 
сөзін алайық. 
«Әй, мырза, сен адамзат, біздер пері, 
Танымай «мырза» дедік адам ері. 
Бұл жерге ешбір 
мақұлық
 келген емес, 
Диюдың адам түгіл ірілері»
[Н.К.ІІт]. 
«Адам негізі төртеу:− деп сөйлейді,− 
Жел, топырақ және,− дейді,− от пен судан», 
Халық болды барша адам осы төрттен, 
Бөлінді төрт есімімен 
мақұлық
 аттан
[Е.К.]. 
Бұл жердегі 
«мақұлық»
дүниедегі жаны бар нәрсенің жалпы атауы
деген 
зат есімдік өзек мағынасында жұмсалса, қазір осы сөз тілде лексика-
семантикалық тәсіл арқылы сын есімге көшіп, яғни 
ой-өрісі тар, білімсіз, 
өнерсіз 
деген мағынаны білдіреді. 
Зерттеу жұмысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет