қатадан (Ерімбет). Қаттау –
1) сауыттың бір түрі; 2) көкірекше. Түсі бөлек жан екен, Жан
қаратпас айбатты,
Қаттауына қаратпай, Найзасы тиді жүректен
(Нұртуған). Қалың кездеме «Киім кисең
қаттау ки суық келсе панаң-ды»
(Ақтамберді жырау). Қатын −
1) атақты адамның әйелі, ханым; 2) жалпы әйел . Парсы
тілінде
хатун –
ханым, ақсүйек әйел дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 183). Сары ұйғырлар тілінде
қатын –
білімді, әйгілі әйел; кісілігі бар басқарушы адамдардың әйелі (Малов С. Е. Яз. жёл. уй. А., 1957, 55). «Бұл үйге Әнжі келді
ме?» деп еді,
қатын «көргенім жоқ» деді
(Нұртуған). Мұнда қалған халықтың,
Біреуінде
қатын жоқ, Біреуінде жақын жоқ, Біреуінде аға жоқ, Біреуінде бала
жоқ
(Нұртуған). Бас қоспа бар екен деп бейасылға, Бір нәсілдің жоқ та болсаң
басын сүйе. Бай болсаң би мен бектің өзі-ақ келер, Шаруа бол
қатынға бай,
малға ие
(Ерімбет). Өзімді Ғалимын деп көрсетейін, Лайқат осы шығар біздің
бойға. Қапыда
қатын ісін қылар барып, Барғандай сәулеті артық әйел тойға
(Ерімбет). Бала топтан шыға бергенде Айғыз күліп: − Пай, жаман
қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, деп паңдана
күлді де Абайдың көзінен сүйді
(М. Әуезов). Қазіргі тіл қолданысымызда
«қатын» әйел ұғымының дөрекі түрі болып қалыптасқан.
Қауыс −
1) мерген шоқжұлдызы; 2) күн жылнамасының тоғызыншы айына сәйкес келетін қараша айының аты (22 қараша – 21 желтоқсан).