қожалар да үстем тапқа жатты
(«Қазақ ССР тарихы»). Құл
да болса мықтымын, сыйлап жүрген
қожасын! Азар беріп жіберсем, Шағынып
кімге барасың
(Нұртуған). Қазіргі тіліміздегі
қожайын сөзі осы
қожа сөзінен
жасалған тәрізді;
Қол –
1) әскер, жасақ; 2) жөн, ыңғай, лайық; 3) адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін мүшесі; 4) ауыс. қолтаңба, жазу, почерк; 5) ауыс. жұмыс күші, адам. Араб тілінде
хаулун –
күш, қуат дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 257). «Қарасай мен Қази мал бағуға жарамайтын жаман» деп еді.
«Жаман болса, қырық мың
қолмен келе жатқан маған мына сөзді айта ма?
Әкесінің дәулеті басына қонған адам екен. Мұнымен ұрыса қойсам, бір өзі ғана
өледі. Бірақ біраз адамның ажалына да жетеді. Осыншама халықтың қанын
мойныма жүктеп қайтем. Одан да танысып, дос болайын» деді
(Нұртуған). Бұрынғы төте жолмен жүре алмады, Келеді қисық жолмен ел жағалап.
Көрмеген бұрын-соңды жерді көріп,
Қол қонды бір өлкеге құдай қалап.
(Нұртуған). Ескендір
қолына айтты: «Бұл неткен су, Бәрің де ішіп, бұл суға
бетіңді жу!»
(Абай). Олар самсаған сары
қол (Әуезов М. Таң. шығ.) . Темір-
терсек қыз баланың
қолы ма еді?
(Ә.Қалмырзаев, Ар.).
195
Қоңсы –
көрші. Қарақалпақ тілінде
қоңсы –
көрші деген мағынада
қолданылады
(Кар.РС., М., 1958, 257). Сондықтан мына отырған
қоңсы ауылдан қырық адам берейін. Астыңа кеме мін. Теңіздің басатынан айналмай,
түнде тұсынан өтіп кет
(Нұртуған). «Кімге дәулет құсы