Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет31/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

мазмұнды-астарлы ақпарат
түрін қабылдау кез 
келген тыңдаушы мен оқырманның пешенесіне жазыла бермейтін, жеке 
сөздердің мағынасын түсініп қоюды аздық ететін, ақындық дәстүрді туғызған 
тілдік сананы, жоғары ұлттық менталитетті, тілде жасырынған «білім қорын» 
түгел меңгерген оқырманына ғана сырын ашатын ең маңызды ақпарат көзі 
болып саналады. 
Негізіне келгенде, ақын-жыраулар тудырған 
поэтикалық мәтіндер
– 
адресант пен адресаттың сан қырлы қарым-қатынас ерекшеліктерін танытатын 
коммуникациялық кеңістік. 
Қазіргі әлемдік тіл білімінің антропоцентрлік парадигмасы жаңа өріске 
бағдар алған, оның сан саласының ішінде тілдің комуникативтік
прагматикалық және когнитивтік қызметтерін тереңінен ашуға бағытталған осы 
аттас салалары қарқынды дамып келеді. Солардың қатарында тілдің жүйелік 
болмысы – тіл мен оның екінші қыры – сөйлеуді (сөйлеу тілін) біртұтастықта 
функционалды семантикалық, коммуникативтік тұрғыдан зерделейтін 
функционалды грамматика
теориялық жағынан негізделу үстінде. 
Тілдік тұлғалар әрқашанда екі жақты: кез келген 
тілдік бірлік
форма 
(түр) 
мен 
функциядан
(мағынадан) қалыптасады да, ол тұлғалық жағынан да, оның 
қызметі жағынан да сипатталады. Тіл білімінде тілдің ішкі жүйесін өзіне тән 
бірліктері негізінде әртүрлі деңгейге жіктей отырып зерделейді. Соның ішінде 
көптен сараланып зерттелген деңгейі – 
грамматика.
Грамматика шектеулі тар 
мағынада морфология мен синтаксис деңгейлерін қамтып, солардың 
тұлғаларының қызметтері мен мағыналарын ашу мақсатын алға қойды.
Қ. Жұбанов грамматиканың ХІХ ғасырда тілдің формаларын зерттейтін 
морфология мен синаксистен тұратын ұстанымын айта келіп, оны 
формашылдардың көзқарасы деп есептеді. Өзінің «Қазақ тілінің грамматикасы» 
атты еңбегінде ғалым тіл зерделеуде форманы ғана қарастырмай, оны 
функциямен 
тығыз 
қарастырудың 
маңыздылығын 
баса 
көрсетіп, 
грамматиканың үш деңгейін: фонетика, морфология, синтаксисті сипаттаған 
[47, 82-83 бб.]. 
Тілдік формалардың функционалдық тұрғыдағы қыр-сырларын кеңінен 
ашуға ықпал еткен, осы жолда жаңашылдықтың үлгісін көрсеткен қазақ тіл 
білімінің белгілі қайраткері С. Аманжолов еді. Ғалым қандай да болмасын тіл 
тұлғаларының қызметтерін синтаксистік категориялардың сөйлеу үрдісінде 
жалпытілдік категориялар, мысалы, темпоралдық, локалдық деңгейіне 
көтерілетінін зерделеуі қазіргі функционалды грамматиканың өркендеуінің 
алдын алғанға ұқсайды [48]. 
Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ғылыми негізде жиырмасыншы 
ғасырдың басынан бастап тереңірек зерттеле бастады. «Тіл – құрал» атты 
еңбегімен қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы қазақ грамматикасының 
ғылыми негізін қалады [49]. 


32 
2002 жылы өткен уақыттар аралығындағы соны зерттеу нәтижелерін 
теориялық тұжырым ретінде қамтыған «Қазақ грамматикасы» тілдің төрт 
деңгейін: фонетикасын, сөзжасамын, морфологиясын, синтаксисін зерделейді. 
Бұл грамматика да семасиологиялық, яғни «формадан функцияға» бағытында 
жазылған, осы тұрғыдағы бұрынғы грамматикалардан оның ерекшеленетін 
соны тұстарының бастысы – сөзжасамның қазақ тіл білімінде жеке тілдік 
деңгей ретінде сипатталуы және синтаксистің сөз тіркесінен, сөйлемнен басқа 
жоғары деңгейдегі синтаксистік бірлік ретінде күрделі синтаксистік 
тұтастықты, сонымен бірге синтаксистік синонимияны зерделеуі [50]. 
Соңғы кезде тіл білімінде грамматиканы кең мағынада қарастыру орын 
алып отыр. Ол грамматика ауқымын тек морфология және синтаксиспен 
шектеп қана қоймай, оның аясын фонологиялық, лексикологиялық, 
фразеологиялық, сөзжасам 
деңгейлерімен 
кеңейтіп, 
жеке 
деңгейлік 
категориялардан гөрі ауқымды, белгілі бір семантикалық ұғымды барлық 
деңгейлердің тығыз қарым-қатынасы арқылы жүйелі түрде бере алатын 
жалпытілдік категорияларды зерделейді. Болмыстың әр түрлі қырларын 
бейнелейтін ұғымдық категориялардың тілдік көрінісі, яғни тілде берілетін 
формалары ономасиологиялық бағытта зерделенеді, тіл білімінің бұл саласын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет