1) мазмұндық-фактуалды; 2) мазмұндық-концептуалдық; 3) мазмұнды- астарлы. Шығарма мәтініндегі
мазмұндық-фактуалды ақпарат: Жыр-дастандар –
тек әдеби, тілдік қана емес, сонымен бірге тарихи категория. Себебі ақын-
жыраулар қазақ қоғамында саяси-қоғамдық қызмет атқарғаны тарихтан белгілі.
Жыр мәтінінде тарихи тұлғалар, олардың өмірі мен қызметі жөніндегі
мәліметтерді көп кездестіреміз. Тарихи оқиғалардың сипаты мен мезгілдік,
мекендік деректері жыр мәтінінен табылады. Жер-су атаулары, қазіргі
географиялық атаулардың тарихи және көне нұсқалары, ру-тайпа атаулары,
олардың тарихи қоныстары, дін тарихына қатысты оқиғалар мен тарихи
деректер жыр қойнауында тұнып жатқан
тарихи-мәдени фактуалды қоймамыз
деуге болады. Мысалы, Нұртуған ақынның
«Мәулімнияз-Едіге», «Қарасай- Қази», «Ақ Кете Шернияз», «Шұбырынды ақтабан» дастандарында
суреттелген тарихи соғыстар мен атақты батырлар бейнесі, Ерімбет ақынның
«Әбу Шашма», «Мұхаммед пайғамбар туралы хикая», «Ақтам сахаба» дастандарындағы діни көне ұғымдар, сонымен қатар ақынның
«Хазірет Ғали мен Дариха қыз», «Хазірет Ғали мен Мағауияның соғысы» дастандарында
батырлық, ерліктің символы ретінде қолданылған атаулар
мазмұндық- фактуалды ақпарат береді.
Шығарма мәтініндегі
мазмұндық-канцептуалдық ақпаратқа ақындық
дәстүрмен біте қайнасқан
туған жер, атамекен, ұлттық рух идеясын атауға
болады. Сонымен бірге
«құдай» концепсиясы, жалпы адамзаттық ойлаумен
31
астасып жатқан, ақындық индивидуалдық дүние бейнесі, құдайлық болмыс
туралы пайымдаулардың мәтін мазмұны мен тілі арқылы танылуын
жатқызамыз.
Шығарма мәтініндегі