Бақылау сұрақтары:
Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың қандай әдістерін білесіз?
Еркін пікірталас әдісін түсіндіріңіз.
Әдебиеттер:
Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.
Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.
№14 практика тақырыбы: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолы.
Мақсаты: Шешендік сөздерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдістері
Әдістемелік нұсқау Сөйлеу мәдениетін қалыптыру әдістері мен амалдары. Сөйлеу мәдениеті мәселесіне арналған дәрістер мен машықтық сабақтар шешендіктануда ерек-ше орын алады. Сөйлеу мәдениеті - бұл шешендіктану негізі, түпқазығы. Сөйлей білу шеберлігі бастапқыда тілдік нормаларын білуді, сөздің дәлдік, орындылық, мәнерлілік талаптарына сәйкестігі сөзді дұрыс орналастыра білу білігін қажет етеді.
№ 15 тақырыбы:Шешендік өнерді меңгерту жолдары
Мақсаты: Шешендік өнерді меңгерту жолдары туралы мәлімет беру
Жоспар: 1. Шынайы шешен — жарқын тұлға
2. Шабыт, импровизация, елестету — еске сақтаудың түрлері.
Кілт сөздер: шабыт, импровизация, елестету, интонациялық ерекшеліктер, көркемдік таным, көңіл-күй, табиғи-рухани болмыс, шешеннің болмыс-бітімі, тыңдаушының ықылас-пейілі.
Шешен сөйлеудің табиғатын тексергенде ең негізгі, ең басты мәселе — сол шешен адамның жаратылысы, табиғи психофизиологиялық қасиеттері, ерекшеліктері, жүйке талшықтарының жүйесі. Әсіресе миға алуан түрлі, сан қилы хабарлар жеткізетін жүйке талшықтарының сезімшіл, қозғаушы, тітіркендіруші қасиеттері, көру, сезу, есту қабілеттері, образдар ассоциациясын тудыру, сыртқы дүние әсерлерін қабылдау — шешен болмысыныц өзге-шеліктерін анықтайтын көрсеткіштер.
Асқақ шешеннің асыл қасиеттері тумысынан болады. Жас баланың еліктегіш болатыны аян. Оның ақыл-ой қабілеті мен сөз сөйлеуінің нақты белгісі айналадағы дыбыстарды қайталауга құрылады. Ол баршасын естиді, һәм қайталайды. Ол естіген дыбыстарын сол қалпында (мәнерімен, айтылу ерекшелігімен) қайта айтады. Қазақ халқының адам баласының небір асыл, мәйек қасиеттері "Ананың сүтінен" деуінің сыры осы. Ол табиғи әрі рухани нәр-қорек. Бесік жырлары жас баланың рухани болмысына лайықталып шығарылган. Келісім мен мағына бір-біріне орайлас. Бұл ретте Ғүмар Қарашевтің бала ананың құрсағында-ақ өз тілінің музыкасын естиді, туған соң дамытады деген лебізі ойға оралады.Баланың бүлдіршін шағынан күй, жыр, ертегі-аңыз естіп өсуі — ең мәнді, қисынды, табиғи құбылыс болып саналады. Шешендік өнерге баулудың бұлжымас шарты осы.
Квинтилиан шешенді тәрбиелеу ісінде балаға сөзді анық, нақ-нағымен сұлу айтатын ұстаз таңдау қажет деген. Тамаша табиғи сипаттарымен тұңғыш рет естіген және әдемі дауыспен оқылган мәтін оның ойлау қабілетін, іштей сөйлеуін оятады."Адам әрбір мезетте өз ойын іштей дауыстап айтады"— деп жазады Эгзер. Ал Риварол: "Адам өз көкірегінің түпсіз тереңінен құпия дыбыс үнін естиді, ол ой әлеміндегі көлбеңдеген заттың көріністері" деген тұжырым жасайды. Әрине, адамның терең ойын, көңіл-күйдің нәзік. реңктерін, жан толғаныстарын, жасырын әуеңдерін жатық, жүйрік тілмен жеткізу үшін шешеннің биік дүниетанымы жан-жақты көркемдік - өмірлік тәжірибесі болуы абзал. Сондай-ақ шешен сөйлеуге төселу үшін, сөздің дыбысталуын әсем қабылдау үшін ерекше есіту қабілеті үлкен қызмет атқарады.
Шешен адамға сөйлеу мен еске сақтау ерекше кажет. Әрбір клеткаға еске ұстау қасиеті дарыған. Кез келген орган еске сақтаудың көзі. Мысалы, көз — жарық толқындарын, қүлақ — дыбыс толқындарын еске сақтайды. Сонымен еске сақтау ерекше болған жағдайда, үш түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, сақтайды. Екіншіден, қайтадан қаз қалпывда өзгеріссіз айта алады. Үшіншіден, жаңадан тудырады. Шешен қайсысына күшті көңіл бөлсе, сол ете жақсы дамиды.
Рухани қабілеті (реттеу, жүйелеу, жіктеу, ойлай білу, себеп пен салдарын тексеру) айрықша талантты шешенде үшан-теңіз сөз — образдар мен оралымдардың қоры бола-ды.
Шабыт, импровизация, елестету — еске сақтаудың түрлері. Шын мәнісінде, шабытты кемеңгер шешен сөйлеген шақта күш-қуаты буырқанып, толқынды ойдың құшағында тербеліп, небір ғажайып көркемдік ассоциа-цияларға бой ұрып, даналық меруерттерін жайып салады.
Көне әдебиеттерде шешендік сөйлеудің процесс екендігі туралы толыққанды зерттеу жоқ. Бүгінгі таңда жазу өнері мен сөйлеу өнерінің шек-шекарасы, ара-қатынасы жайында ештеңе айтылмаған.
Айталық, грек шешені сез сөйлеудің бір тәсілін ғана қолданған. Ол — жазып алып сөйлеу.
Ал латын шешендері күні бұрын жазып-сызып дайындалмағая. Әрине, ойланбай, толғанбай жүру мүмкін емес. Әр шешеннің болмыс-бітімі қандай әрқилы болса, сөзге әзірленуі де әр түрлі, сан қилы. Біреулер жазып дайын-далудың қажет еместігін айтады. Оған артық күш-қуат жұмсалады дейді. Ойша әзірлену, іштей, дауыстап жүйе-жүйесін тауып сөйлеу — әрі тиімді, әрі өтімді, әрі логикаға қисынды, әрі кездеген мақсатқа жеткізеді, әрі шешенді құдіретті тұлға деңгейіне көтеріп асқақтатады. Шешеннің балдай лебізі тыңдаушының ой-қиялын дүр сілкіндіреді.
Өр шешеннің өзіндік өнерпаздық өрнектері болатьгаы аян. Жазып немесе жаттап алғаны импровизация жасауға нүмкіңдік береді. Есту, еске сақтау, көру, түйсік қабілетінің күштілігінің арқасывда небір ойлар, сөздер тіріліп, оянып, дауыстап, қүйылып кететіндігіне күмәніміз жоқ.
Шынайы шешен — жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мәнері, кескін келбеті, рухы, тәжірибесі, ішкі мәдениеті, білім ересі, дүниетанымы, талант
табиғаты, жан мен тән қуаты, мінбедегі тәртібі, ым-ишаражгары, дауыс ырғағы қызықтырмай қоймайды
Ауыз-екі сөйлеу жазудан бұрьш шыққан. Адам ғүмырының қалай өтетіндігі жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздер оқу мен жазуға қарағанда, сөйлеу мен тыңдауға қисапсыз уақыт шығындайды екенбіз.
Әлбетте, адамдардың көпшілігі сөйлеу мен тыңдауға, жазу мен оқуға енжар. Оқығанды көкірекке тоқу оқырманның қабілет-қарымына, зейін-зердесіне тәуелді, ал ауызша яки шешен сөзді үғып қабылдау сөйлеушінің әсерлі, мәнерлі, ойнақы-ойнатып жеткізу қабілетіне байланысты. Тыңдарман қауым, негізінде, шабан. Олардың құлшынысқа тудыру, жігерін жану, ынтасын ояту, ой дүниесін сілкіндіру - лекторға тиесілі.
Ауызша сөздің құрылыс-жүйесі барынша қарапайым, тұжырымды, түсінікті болса, оны тыңдаушы шапшаң қабылдап, жүрекке үялатады.
Ауызша сөздің артықшылығы — әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем өзгеше үн-дыбысқа, үйлесім-келісімге ие болып және бүлар оймен, сезіммен, ерекше лебізбен айтылып, мән-мағынасы күшейіп, керкейіп қанаттанады. Шешеннің даусы — аса бір өзара үйлесімді дыбыстарға, нәзік иірімдерге, небір тербелістерге, сан алуан қызық күйлерге ие полифониялық сипаты айрықша, күрделі қүбылыс.
Сөздің мазмұны мен мәнерлілігі, эмоциялық — экспрессивтік бояуы сөйлеушінің интонациялық ерекшеліктерді әдемі пайдалануынан түрленіп отырады.
Дауыстың 1) жоғарылылығы яки биіктігі, 2) ұзақтығы, 3) бояуы немесе тембрі, 4) күші тәрізді қасиеттері болады. Осынау қасиет-белгілерді құбылтып қолдану — шешеннің өнерпаздық дарынына, тәжірибесіне, көркемдік танымына, көңіл-күйіне, табиғи-рухани болмысына байланысты.
Интонация — сөз мағынасын ажарландырады. Айталық, "қалқам" деген сөзді бірнеше интонациялық реңкпен айтып, мағынасын сан қилы өзгертіп жеткізуге болады. Мысалы, жұмсақ, нәзік, мейірімді, реніш, кекесіңді, құрметті...
Сонымен ауызша сөздің өзіне тән өзгешелігі ой мен сезімнің, көңіл-күйдің нақыш-бояуларын көрсетуге, кәміл сипаттауға құдіретті, әлуетті. Сөздің әсем әуезділікке құрылуы, күмбірлеген үнмен, кең тыныспен, тың серпінмен айтылуы — тыңдаушының ықылас-пейілін өзіне аударып қызықтырады.
Шешен баяндама жасағанда. мыналарды қаперге алған орынды:
1. Материал жинау, жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, композцияның, логика мен психологияның заңдарына, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіру.
2. Сөзді дауыстап айта білу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілеу, қалауын қабылдау, ескеру.
3. Шешендік өнердің қыры мен сырын мүлтіксіз меңгеру (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениетінің бүкіл талаптарын бұлжытпастан сақтау).
4. Аудиторияның тұтқиылдан қойылған сұрақтарына тапқыр жауап беру, білім-ғылым бәсеке-таласын ұйымдастыра білу.
Шешен сөйлеуге төселу үшін үздіксіз ойлану, машықтану, үнемі жаттығу, толассыз еңбек керек. Ғылым, өнер, мәдениет майданындағы әйгілі адамдарды бейтаныс аудитория өте жылы қабылдайды. Қоғамдағы орнын, білім-білігін, атақ-даңқын яки заңғар тұлғасын бек сыйлайды, әрі оған сенеді.
Белгілі аудитория алдында әлі бедел-құрметке ие болмаған шешенге олардың сенімінен шығу үшін көп қажыр-қайрат жұмсау қажет. He болмаса аудитория есігін түңғыш рет ашқанда, оны бір беделді адам таныстыратын болса, ісінің оңға басқаны.
Шешендіктің сипат-белгілерін, қырларын, дарынды ділмар-шешеннің даралық қайталанбас қасиеттерін, жан мен тәннің қуатын түп-тамырынан қозғау мүмкін емес. "Бір шешен топты жойқын, буырқанған шабытымен билеп-төстейді, екіншісі жатық, әсем жеткізу шеберлігімен, үшіншісі — әзіл-оспақ, күлдіргі, айтқыштық талантымен, төртіншісі — желілі, сабақтас, анық баяндауымен баурайды"— деп жазады В. Г. Белинский.
Енді аудиторияның құрылымы мен тәртібінің ерекшеліктеріне тоқталайық.
Алдымен, аудиторияны өзіңе бағындыру, ықыласына бөлену — үлкен өнер. Өзінді қалай ұстаудан, сөзіңді қалай бастаудан, яғни алғашқы әсерден басталады. Аудиторияның әлеуметтік құрамын (зиялылар, жұмысшылар, шаруалар, студенттер), білім, білік, жас ерекшеліктерін, яғни түсіндіру мен қабылдаудың мәселелерін, іліктестік табиғатының құпиясын зерделей білу.
Аудиторияда тыңдаушылар аз болса, күнделікті тіршілік, үйреншікті жағдай іспеттес. Қызынып, құлшынып, алысқа сілтеп кете алмайсың. Егер де мыңдаған адам жиналса, оған салтанаттылық, көтеріңкілік тән. Төгілтіп, екпіндетіп сөйлеуге, шиыршық атқан толғаныстарға берілесің.
Аудиторияның тәртібі — оның әлеуметтік құрамының біркелкілігіне байланысты. Кейде ынта-ықыласы, ой-өрісі, білім, жас ерекшеліктері, әлеуметік құрамы, жалпы мағлұматы, дүниетанымы әрқилы тыңдаушылар болады. Қалай болған күнде де олардың құштарлығын ояту, тәнті ету — шешеннің тәжірибесіне, өнерпаздық кабілетіне, ойлау жүйесіне, сезімталдығы мен өткір қабылдауына тікелей тәуелді. Бұл орайда ол барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Топ алдында сөйлеген адам қаққан қазықтай тұрып қалмағаны жөн. Шамаң келгенше, әр тыңдаушыға болмағанмен, оң жағыңдағы, сол жағыңдағы, төрде отырғандарға зейін аударып, көз айырмай, өз ой-пікіріңе ортақтастырып отырсаң, олар да жай отырмағанын біліп, сенің сезімің мен сөзінді жан-тәнімен мақұлдайды. Сөйткенде ғана тізбекті реакция пайда болады.
Сонан соң сөз сөйлеу қай уақытта (таңертең, түс, кеш), қандай жерде және кімнің сөзінен кейін болатынын білу де керек-ақ. Мұның бәрі қатысушылардың кабылдауы мен түсінуіне қатысты. Тақырыпқа қызыға ма, лекторды біле ме екен деген сұрақтар да қылаң береді.
Қабылдау мен түсінудің проблемалары біртұтас күрделі құбылыс екендігі анық. Көрнекті психолог H. H. Жин-киннің көрсетуінше, қабылдау дегеніміз тілдің материалдық құралдарын (фонема, буын, сөз, сөйлем, үнділік) талдау мен жинақтау. Түсіну дегеніміз осы құралдардың сигналдық және мағыналық мәндерін талдау мен жинақтау. Асылы, қабылдау мен түсінуі адамның ішкі құбылыстары мен сыртқы байланыстарын түгелдей қамтиды. Аудиторияның қабылдауы мен түсінуі үшін, мынадай жағдайларды, атап айтқанда, олардың көңіл-күйін, наным-сенімдерін, құштарлықтарын және мотивтері мен нұсқауларды есепке алған жөн.
Лекция тыңдаймын дегендердің ықыласын мынадай мотивтер оятуы мүмкін. Психолог H. A. Зимняя былайша жіктейді: 1) интеллектуалдық, 2) моралдық және 3) эстетикалық мотивтер.
Лекцияға интеллектуалдық мотивтермен қатысқандар айырықша ықыласпен тыңдайды. Білім-ғылыммен мұздай қарулансам, көкірегіме тоқысам деген ізге ой жүрегін әрқашанда тебірентеді.
Енжар тыңдаушыларды еліктіріп әкету оңайға соқпайды.
Эстетикалық мотивтермен келгендерге шешен қайтсе де олардың жоғары эстетикалық талабын қанаттандырып, қанағаттандырып жіберуіне, олардың күткеніндей биіктен жарқырап көрінуге тиісті.
Егер аудиторияның қалауына орай шешен белгілі нұсқауларды орындауға бел бyca, онда оның сөзі өтімді болады. Қызығушылық болғанда ғана сөйлеушінің сөзі жақсы қабылданады. "Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі"— деп ұлы Абай айтқандай, сөйлеу мен тыңдаудың төркіні "көңілдің шын мейірленуінде".
Сайып келгенде, құмарпаздықтың арқасыңда тыңдаушы ой-өрісін көркейтеді, керек деректерді, маңызды мәліметтерді есіне ұстайды, шешеннің мәнерлі қимыл-қозғалысынан, бет-жүздің нәзік құбылыстарынан мағыналы ым-ишараттарынан, дем алысынан үлгі-өнеге алады.
Шешенде көсемдік, әділдік, адалдық, имандылық қасиет болса тереңнен толғап, құштарлықпен сөйлесе, қандай аудиторияны болса да жетектеп әкетеді. Өңменіңе қанжардай қадалған көп көз шешенді сескендірмей қоймайды. "Ел бастау қиын емес, қонатын жерден кел табылады. Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ"— деп Көмекей әулие Бұқар жырау шешеңдіктің қиын өнер екендігін қатаң ескерткен. Әрине, ой мен сезіміңді басқалардың жүрегіне, санасына, кеудесіне жеткізуге сезгіштік, құдіреттілік қажет. Шын мәнінде, аудиторияның ізгі мұраттарына, асыл армандарына, көкей-кесті идеяларына сай келсе қабылдау мен түсіну де жеңіл. Шешеннің беделі де, мәртебесі де жоғарылайды.
Тәжірибелі, кәнігі шешен аудиторияның психофизиологиялық ерекшеліктерін, әлеуметтік құрамын, көңіл-күй толқындарын, ой, сана, таным дәрежесін тез арада жүзінен оқып, өзіндік қорытындылар шығарады. Және тыңдаушылардың зейіні қай уақытта ұшқыр, сергек, қай кезде марғау, қандай күндерде жұмысқа қабілеті айырықша болатынын, қандай мәліметтерді еске сақтау керектігін парасатты шешен жақсы пайымдайды. Зеріктірмеудің амалын табуға да шебер. Еске сақтаудың өзі түсінуден туындайды. Жаңалықты құбылысты тыңдаушылардың жүрегіне ұялатып, санасына сіңіру үшін белгілі бір нақтылы жайлармен салыстыру, қиыстыру амалын қолданса, құба-құп болар еді. Сонымен бірге ұғымтал тыңдаушы шығармашылық тұрғыдан еңбектенсе, еске ұстау қабілеті күшейе түседі. Ал пысықтау болған жерде, еске сақтау мен өнерпаздық тұрғыдан игеру қабілеті ширыға түседі.
Сонымен түсіну мен қабылдау — шешен сезінің ырғақтық келісіміне, интонациялық толқындарына әбден байланысты. Лекция ықылассыз, жүрдім-бардым, бір дауыспен оқылса, тыңдаушылардың түсінуі 35—55%, мағыналық екпінсіз болса 72—87% кемиді.
"Әр сөзді ең әуелі жақсы ойлап, тиісті болса ғана сөйлеу керек. Сөз сөйлеу мылтық ату сияқты, бір адам мылтықты сығаламай, тураламай атып жіберсе, ол оқ не кісіге я малға тисе, ол адам не болады? Сөз де сол сияқты, айтып жібергенше сақтау керек. Бір айтып қойған соң қайтарып алып болмайды. Сөзді бір тілмен сөйлесек те, сөздің орны тілде емес, сөздің орны көңілде. Соған қарап айтатын сөзді айтпас бұрын, көңілмен пайдасын, зиянын ойлау керек"— деп жазады Мұхамедсәлім Кәшімов 1907 жылы Қазанда жарияланған "Үгіт" кітабында.
Достарыңызбен бөлісу: |