Бақылау сұрақтары:
1. Көркем сөйлеудің негізгі белгілерін атаңыз.
2. Мәнерлеп оқудың мақсаттары қандай?
Әдебиеттер:
Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.
Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.
№13 практика тақырыбы: Мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
Мақсаты: Шешендік сөздерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.
2. Мәнерлеп оқудың мақсаты.
Әдістемелік нұсқау Әрбір адам ана тілін білумен қатар, өз тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану керек. Сөйлеуші өз сөзін тыңдаушыға бейнелі, айқын да анық, әсерлі жеткізу үшін көп машықтану керек. Сол себепті сөзбен жұмыс істеуге ерекше күш салу керек. Қажетті материалдар ретінде көбіне прозалық көркем шығармалар қолданылады. Шығарманы оқығанда, шығарманың мақсатын тыңдаушыға жеткізу үшін оның идеясын түсіне білу және сезіну керек.
№14 тақырып: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолы
Мақсаты: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолы туралы мәлімет беру
Жоспар: 1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдістері
Кілт сөздер: грамматикалық дағдылар, лингвистика экологиясы, сөйлеу мәдениеті, вербальды-коммуникативтік, коммуникативтік ойын.
Сөйлеу мәдениетін қалыптыру әдістері мен амалдары. Сөйлеу мәдениеті мәселесіне арналған дәрістер мен машықтық сабақтар шешендіктануда ерекше орын алады. Сөйлеу мәдениеті - бұл шешендіктану негізі, түпқазығы. Сөйлей білу шеберлігі бастапқыда тілдік нормаларын білуді, сөздің дәлдік, орындылық, мәнерлілік талаптарына сәйкестігі сөзді дұрыс орналастыра білу білігін қажет етеді. Сөйлеу мөдениеті мәселесіне назар аударылуының бір фактісі ретінде көптеген оқушылардың сабақта сөз сөйлеу ретін, өз ойын тиянақты, ұғыныңқы, жүйелі айта білуі. Дегенмен, солай бола тұрса да, біздің қогамдагы сөлеу мәдениеті деңгейінің (алгашқы кезекте, жастар арасында) өте төмендігі ешкімге құпия бола алмайды.
Сөйлеу мәдениеті деңгейін жетілдіру — қазіргі шешендіктану мөселелерінің бірі. Бүгін «лингвистика экологиясы» саласын құру қажеттігі туралы ұсыныс көбірек айтылуда. Себебі, қазіргі таңдағы тіл бюрократиясы, кірме сөздердің қаптауы, күннен-күнге жаргонизмдер мен вульгаризмдердің барынша кең тарауы секілді құбылыстар одан тілді қорғауды талап етіп отыр. Дей тұрсақ та, өкінішке орай, тәжірибеде жақсы сөйлеудің бұлжымас үлгісін нұсқай алмаймыз қатып қалған үлгі жоқ). Өйткені бүгін дұрыс әдеби сөздің өзі анахронизмге айналып барады. Бұған мысалдар жеткілікті. Сондықтан да төменгі сыныптардан бастап оқушыларға «Шешендіктану негіздері», «Сөйлеу мәдениеті», «Қарым - қатынас мәдсниеті» сияқты мағлұматтар беру басты міндеттердің бірі. Міне, біз талқылап отырған оқыту әдістері осыған септесуі тиіс. Ендеше бұл әрбір, әрбір сабақта, тақырыптың қандайлығына қарамастан, сыныптан тыс жұмыстарда, тәрбие сағаттарда үнемі үздіксіз жүргізілетін жұмыс екендігін баса айтуға тиіспіз.
Ендеше біз шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдісіне шартты түрде жатқызған әдістердің әрқайсысына қысқаша тоқталып көрелік.
Сөзбен жұмыс жасай білуге үйрету. Орта мектетерде сөз танысу және оған барынша жеткілікті назар аударылуына қарамастан тәжірнбе көрсетіп жүрген-дей, лингвистикалык сөздіктерге өте аз мөлшсрде жүгінеді. Олардың көпшілігі бёйтаныс сөздер кездессе, оның мағынасына назар аудармайды. Ал сөздікпен жұмыс бір дәрежеде оқушылардың ойлау «еркіндігін» үйренуге, сөзсіз, логикалық ойлауын дамытып, грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға міндеттейді. Сондай-ак осы іспеттес тапсырмалар бір мезгілде шешендіктануды игсрушілердің вербальды-коммуникативтік мүмкіндіктерін анықтайды жэне соған тәрбиелейді.
Еркін пікірталас әдісі Ұлыбритання мектептерінде кеңінен қолданыс тапқан. Ағылшын мамандарының пікірінше, пікірталас оқыту әдсі әрі оқу үрдісін ұйымдастырудың формасы ретінде бірқатар маңызды белгілергс ие, ягаи ол оқушылардың өз пікірін білдіре әрі дәлелдсй алу, бір-бірін тыңдау, сыншы ретінде сөз сөйлеу білігін қалыптастыруға көмектеседі. Ал бүгінгі таңда бұл қарым - қатынастың қажеттілігі барынша жоғары.
Еркін пікірталас көбіне сабақ тақырыбымен байланысты, сондай-ақ ол тақы-рыптан тыс қалыпта болуы да мүмкін. Мәселен, күн ілгері тек мөселенің бастапқы тұсы ғана берілген тақырып («Ата – анаңды сыйлайсың ба? Үлкенді қалай сыйлайсың?») бойынша сөздерді таңдау және талдау кезінде пікір алмасу. Сабақтарыда коммуникативтік ойындарды қолдану бір мезгідде окытудың әрі әдісі, әрі формасы ретінде қарастыруга әбден болады. Біздің пікірімізше, қай жағдайда да осы саптағы жұмыс түрлерін қолдану карым-қатынастың барынша тиімді тренингі болып табылады. Ойын атауларының өзі-ақ олардың белгілі бір өмірлік жағдаят қарым - катынастың модельдері болып табылатындығын көрсетеді. Коммуникативтік ойынға әрбір қатысушының міңдеті: барынша тиімді және сәйкесті қарым-қатынас жасау.
Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:
1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).
2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).
3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.
Сөйлеу әдебі.
Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:
1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.
3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.
4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.
Тыңдай білу әдебі.
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:
Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:
1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.
2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.
Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.
Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:
1. Диалогтық сөйлеу.
2. Монологтық сөйлеу.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық.Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынастағы сөз әдебінде әр түрлі жағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен» концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады. Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХVІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХVІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог-ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады. Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Оңай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды... Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет».
Тіл туралы халық даналығы :
· Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
· Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.
· Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
· Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
· Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
· Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ.
Жоғарыдағы ұлылардан қалған, кейінгі ұрпағына қалдырған ізгі мұраттарымен, данышпандық, шешендік ойларынан, тілдік ұстанымдарынан, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың айтқан тіл даналығы туралы, парасат пайымдарынан ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті екенін, қастерлі тіл мәдениеті-сөз мәдениеті екенін ұғынамыз.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!
Достарыңызбен бөлісу: |