Бақылау сұрақтары:
Шешендік өнер дегеніміз не?
Шешендік өнердің көрнекті өкілдерін атаңыз?
Әдебиеттер:
Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Білім баспасы, 2003ж.
Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық / Б.Қ.Қапасова.-Алматы, 2014-224б.
№1 практика тақырыбы: Шешендік өнер туралы түсінік.
Мақсаты: Шешендік өнер туралы теориялық түсініктерін практикада қолдануға дағдыландыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Шешендік өнер - қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы.
2. Шешендік өнердің көрнекті өкілдері
Тапсырма: Шешендік өнердің қазақ халқында атқарған әлеуметтік жүгі мен мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролін мысалдармен дәлелдеңіз
Шешендік өнер мен шешендік сөздер деген терминдердің қолданысына назар аудару, терминдердің мәнін ашу.
Шешендік өнердің теориясын жасаған ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, шешендік өнерге түсініктеме бер алу, шешендік өнерге берілген анықтамалардан негізгі белгілерді ажырата алу.
Риторика ғылымының негізін салушы шешен ғалымдардың өмірімен танысу, қызметін білу.
Ұсынылған ғылыми еңбекке шолу жасап, қажетті мәліметтермен танысқаннан кейін ұсынылған тақырып бойынша қысқаша түсінік жазып, өз ойыңызды қорытып, ауызша талдау жасаңыз.
№2 Тақырып: Шешендік өнер тарихы. Риторика.
Мақсаты: Шешендік өнер тарихы туралы мәлімет беру.
Жоспар:
1. Шешендік өнердің қалыптасу тарихы.
2. Шешендік өнердің екі кезеңі.
Кілт сөздер: риторика, философия ғылымы, метафора, логика, дәуір, кезең, трактат.
Шешендік өнер тарихы — адамзат мәдениеті тарихының бір белігі. Көне Грекияда риториканы "өнердің патшасы" деп есептеді, Б. ж. c. д. 594 жылы Афина басқарушысы Солонның шығарған заңы бойынша, Афина азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Шешендік өнердің биік дәрежеде дамуы үшін әрбір азамат Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласуы қажет. Сайып келгенде, демократия — шешендік өнердің анасы.
Б. ж. c. дейінгі V ғасырда Эллада жерінде Динарх, Гегесид, Гиперид, Горгий, Исократ, Исай, Эсхин, Филократ сынды шешендер шоғыры тарих сахнасына шығып, өнер туын жоғары ұстаған. Олар шешен сөздің ережелері мен түрлерін, логиканың қисын-қағидаларын шебер игерген. Сондықтан да идеялық және саяси күресте риториканы өткір құрал ретінде пайдаланған.
Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V гасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада жане оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат май-данында маңызды факторға айналды.
Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды, Ал оратор — латынша огаге яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
"Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді береді. Сондай - ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.
Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б. з. д. V—IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен иайзағайдай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б. з. д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары — риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген; Асылы, шешендік өнер және оның теориясы — ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі. Сондықтан да стильді үш түрге: жоғары, орташа, қарапайым деп бөлуге әбден болады. Жоғары стиль үлгісіне — Демосфен, орташа стильге — Деметрий Фалерский, қарапайым стильге — Лисий жатады.
Еске сақтау, жатқа төгілтіп айту шешеннің даралық ерекшелігіне байланысты. Шығарманың графикалық суретіне көз қандырып, көңілге ұялатады, санасына сіңіріп, жатқа айтады. Сенека (философ Сенеканың әкесі) бірден екі мың сөзді немесе екі жүз жол өлеңді естісімен жатқа заулатқан. Науаи жүз мың жол өлеңді жатқа білген. Қазақ қогамында құйма құлақ, естігенін жатқа қайталайтын шешен билер, білгір шежірешілер ересен мол болған.
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәңді, мағыналы элементі мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болса керек.
Даңқты шешен Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретіңде қабылданған ғой. Олар қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы саналған.
Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешеңдік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка меи Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.
XIX г. мен XX ғ. басында Америка мен Европадан П. Лафарг, В. Либкхнехт, Ж. Жорес, Ж. Гед, Г. Экка-риус, Э. Джонс, В. Вольф, У. Филиппс, А. Бебель сияқты жалынды шешеңдер жарқырап шықты.
Енді әлемдік мәдениет, ғылым, өнер тарихында өшпес өнеге қалдырған шешендердің болмысы мен ой-толғаныстарына тоқтала кетпеске болмайды.
Алдымен, Грекияның асқан шешені және саясат қайраткері Демосфен (384—322) турасында.
Демосфен — шешеңдік өнер әлеміндегі жарық жүлдыз, шешендер мектебінің ұйытқысы, үлы үйымдастырушысы. Ол өз қоғамының судьясы мен саяси көсемі ғана емес, тапқыр да табанды полемист және байқағыш кәміл психолог. Демосфен — Афина мемлекетінің рухани өмірінде жарқын із қалдырған тарихи қайраткер. Ол өз өнернамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп, сөзінің драмалық қасиетін күшейтті. Демосфен дәлел-айғақтармен сөйлеген, айқын, жатық баяндаған. Фразео-логиялық оралымдары нақты, қысқа, сөйлеу мәнері бірқалыпты, байсалды, біресе шиыршық атып, ұшқын шашқан, жалынды жігер-қайратқа, лептілікке, құштарлыққа ие. Теңеу мен метафораларды жиі туындатады. Бұған қоса сөйлемдерді нұрландыру үшін ым-ишараттарды, қимыл-қозғалыстарды, дауыс ырғағын шебер ұсталықпен қолданады. Ол қаратпа сөздер мен арнау-үндеулерді, риторикалық сұрақтарды, ойлау мен баяңцаудың сан алуан тәсілдерін тапқырлықпен жүзеге асырған. Демосфенді дұшпандары "адуын аңға" теңеген.
Демосфен әрі шешен, әрі саяси қайраткер, әрі жалынды трибун, әрі мәмілегер болған. Демосфен тумысынан сөзі міңгірлеп, онша анық сөйлей алмайтын болған екен. Осы бір кемшілігін қажыр-қайрат жұмсағанының арқасында жойған. Аузына қиыршық тас салып сөйлеген, даусын жүгіріп жетілдіріп шыңдаған, биік құз жартастарға өрмелеу үстінде әңгіме айтқан. Демосфеннің жазуынша, шешеннің міндеті, қызметі мынадай: 1) түсіңдіру, 2) ояту, 3) ләззатқа бөлеу.
Мағынасы терең, стилистикалық тұрғыдан мінсіз анық дауыс ырғағымен дүрыс баяндалмаса, сөз жетім, құнсыз болмақ. Әркім уақыты мен күшін аямаса, нағыз көсілген шешен болатындығын мықтап дәлелдеген.
Ол саяси тақырыптарда аса парасатты, қатал және жинақы, қысқа сөйлесе, сотта еркін, жан-жақты ашылған.
Шешеннің басты парызы — тыңдаушыларды ортак пікірге ұйыту, ортақ келісімге келтіру.
Софистік ағымның кемістігі — әсірелеп, әшекейлеп сөйлеуге әуестік, желбуаз шешендік.
Софистік ағымның ендігі бір көрнекті өкілі — Сократ. Кәсібі — мүсінші. Сократқа Афины соты "жастарды азғындау жолына түсірді, қүдайларды келемеждеді, жаңа құдай ойлап таппақшы" деген айып тағып, өлім жазасына бұйырыпты.
Сократ гылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс тапқан.
Сократ хакім даналық меруерттерін көшеде, алаңда жиын топқа сөйлеп, айтып отырған." Ойы нық, ұтымды, тілі тамылжыған жүйелі, біздей қадалатьш улы кекесінмен ерекшеленген. Сократтың тұжырымдауынша, философия ғылымы — адамдардың өэ болмысын жан-жақты қырла-рымен, қасиеттерімен танып білуге үйретеді.
Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп, күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Сократ үғымдардың өзара байланысу диалектикасына жетік. Ал диалектика — ақылды ұстартатын ой кешу тәсілі. Сондықтан ол шешендік өнердің шұрайлы өрісі бола алады. Адамдарды белгілі бір уәжге тоқтату, шынайы ақиқатты мойындату — диалектика мен риторикаға ортақ.
Атақты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагоғика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарын түп-тамырынан қозғап зерттеген Аристотель (б. з. д. 386—322 жж.) еді. Ол "Риторяжа" дейтін күрделі еңбек жазған. Шешен сөйлеудіц шараларына шаншыла үңіледі. Сөз саптау мәселесіве тоқталады. Мұның анықтығын әрі тым бәсең болмағанын, іші әсіре қызылдыққа үйір болмағандығын қатаң ескертеді. Шешен нәзік құбылыстарды қатқыл үнмен айтса, не болмаса ыңғайсыз әдгімелерді нәзік дауыспен жеткізсе, тыңдаушыны иландырмайды дейді.
Бұл трактатыңда Аристотель метафора туралы ой қозғаған. Оның ойынша, үздік метафораға айқындылық, сүйкімділік, жағымдылық тән. Метафораның жасалуына өзек болатын сөздің мәні мен сыртқы құрылысы көркем, сұлу, көру сезіміне және басқа сезімдерге мейлінше ұқсайтын болу керек. Метафорада жұмбақ қасиет бар, демек, жұмбақ дегеніміз жақсылап құрастырылған метафоралар.Теңеу дегеніміз метафора, осы көркемдік құралдардың арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Ол теңеуді, әсірелеуді және мақалды метафоранын түрлері деп білген.Аристотель әсірелеулер қарабайыр болады дейді. Бұлар сөйлеудің шапшавдығын көрсетеді, ашу-ыэа үсгіңде жиі қолданылады. Әсірелеу мосқал адамның табиғатына үйлеспейді дейтін ойлы тұжырым жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |