Э. Эриксон адамның туғаннан дүниеден өткенге дейінгі өмірлік циклін қамтитын сегіз жас шамасын көрсетеді (7-кесте).
Нəрестелік, оральды-сенсорлы кезең (туғаннан – 1 жас ша- масы) тұлға дамуының басты кезеңі болып табылады. Психоа- нализде баланың дүниеге келуі жарақат ретінде қарастырылады; бала қауқарсыз болғандықтан, анасы ерекше қамқор орта- ны қалыптастырады. «Құдайға теңеуші» рəсім бала мен ана қатынастарының тұрақтылығын өзара жақындастықты болжай- ды. Тану ұқсастырудың ерте түрін білдіреді.
Жағымды ұстанымды қалыптастыратын мейірімге, əлемнің əділеттілігіне жəне тұрақтылығына деген сенім баланың фру- страцияны кешіруіне жəне болашақтағы дамуына даярлықты қамтамасыз етеді.
Ерте балалық шақ, бұлшық ет – анальды кезең (1-3 жас ша- масы) автономия, ұят жəне күдіктің арасында таңдау жасауға байланысты əлеуметтік-психологиялық дағдарыспен сипаттала- ды. Бала əрекеттерінің дамуы, оның бұлшық ет жүйесін меңгеруі жəне оны реттеуі, тілінің шығуы тəуелсіздіктің дамуына жəне
«Мен өзім» бағдарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Баланың анасынан алшақтауы жəне оның тəуелсіздікке құлшынысы па- расатты рəсімде жүзеге асады. Отбасылық тəрбиенің баланың тəуелсіздігін қабылдаушы, қолдаушы немесе тыйым салушы түріне қарай дағдарыстың шешілуіне ықпал етеді. Бала өзін- өзі қадағалау сезімін жоғалтқанда немесе қадағалауға қабілетті болмағанда, ұят пайда болады.
7-кесте 71
Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі (Э. Эриксон бойынша)
Жастық шақ (балғындық) (генитальды) 20 – 25 жас шамасы
Интимділік –
оқшаулану
Достары, ынтымақтастары
Махаббат
Бірегейлік
Топтасқан
7
Ересектік кемелдену 26 –
64 жас шамасы
Өнімділік –
тоқырау
Еңбек бөлісі жəне ортақ үй
Қамқорлық
Шеттету
Тəлімгерлік, тəрбиелеуші
8
Қарттық
Эго-интеграция
– қажу
Адамзат
Данагөйлік
Жек көру
Философиялық
Баланың өз-өзіне деген сыйластығын жолғалтпастан өзін-өзі қадағалауы еркін еріктің туындауына ықпал етеді. Беймазалы қайталау, мөлшердентысұялу,тəуелділікнемесеашыққарсыласу жəне қырсығу рəсіміндеанықталады.