«Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерінің аттестаттаудан өтуіне құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Аудандар мен қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, республикалық білім беру ұйымдарының педагогтері үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары.
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің электрондық поштасына;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация)
3) egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі-портал)
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде-20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
4) портал арқылы-3 (үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
қағаз/электронды түрде
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін осы Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтінішінің болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе дәлелді бас тарту өтініш берушінің Жеке кабинетінде көрсетіледі.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
жеке тұлғаларға тегін
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы брондауға болады.
3) веб-портал арқылы қабылдау логин мен құпиясөз енгізу арқылы жеке кабинетте көрсетілетін «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) өтініш
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.
Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);
2) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат;
3) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар және тәжірибені жинақтау;
4) «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер» біліктілік санатына - тәжірибені қорыту;
5) бақылау парақтарымен сабақтар / сабақтардың бейнежазбалары және сабақтарды / сабақтарды талдау (ПМПК педагогтерін қоспағанда);
6) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің хаттамасынан үзінді.
Ескертпе:
аттестаттау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты және кәсіби жетістіктерін және жинақталуын растайтын құжаттарды білім басқармаларының және ҚР БҒМ-нің ресми сайттарында (ведомстволық бағынысты ұйымдар) қарайды)
білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК, КППК, РО педагогтерін қоспағанда) аттестаттау комиссиясы білім басқармаларының және «Дарын» РҒПО-ның ресми сайттарында білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сәйкес қарайды.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Организм функциялары тұрақты бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414; 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz ескерту.
|