Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет26/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   118
Жай сөйлемнің құрылымдық типтері
Сөйлем – тіл бөлшегі әрі сөйлеу бөлшегі. Тілді жалпылама 
тұрақты жүйе ретінде қарайтын болсақ, оның өзі әрқилы сөйлеу 
құбылыстарын қамтып, солардың басты белгілерінің көрінісі 
тұрғысынан анықталады. Сөйлем сөйлеу жағдайында пайда 
болады да, әрқашан айтушы тарапынан, қатынас жасау процесінің 
талап-тілегіне қарай жаңадан қалыптасып отырады. Бірақ 
сөйлемдердің құрылымында тілдің жүйелілігіне байланысты 
жалпылық, тұрақтылық сипат болады.
Сөйлемдердің құрылуында белгілі бір ережелер бар. Сөйлем 
құраудың мұндай ережелері болмаса, адамдардың пікір алысуы-
на мүкіндік тумас еді. Жалпы сөйлемнің құрылымдық негізін 
белгілейтін айырым бір модельдер (құрылымдық үлгі-тұлғалар) 
болатындығы байқалады. Сөйлем моделі белгілі бір типтік топқа 
жататын барлық сөйлемдерге ортақ құрылымдық ерекшеліктерді 
қамтиды. Сөйлеудегі сөйлемдер әрқилы, сан жағынан көп болып 
келеді, бірақ модельдер олай емес, санамалы ғана.
Құрылымдық үлгі-тұлғалар сөйлем типін белгілеуге негіз 
етіледі.


Қазіргі қазақ тілі
47
Сөйлемнің қай үлгі-тұлғасы болмасын, бір жағынан, син-
таксистің тарихи даму жүйесінде бұрыннан қалыптасқан сөйлем 
типтерінің құрылымына қарай анықталады, екінші жағынан, сол 
үлгі-тұлғалар арқылы сөйлеуде үнемі жаңа сөйлемдер жасалып 
отырады.
Тілдегі сөйлемдер белгілі бір құрылымдық айырмашылықта 
қалыптасып отырады.
Сөйлемнің ерекше бір құрылымдық тип екендігі мағыналық 
қызметімен байланысты.
Бір үлгі-тұлғаның қайталануы арқылы қалыптасқан сөйлемдер 
сөйлеуде әрқилы болып жұмсалады.
Қайсыбір тілде болмасын сөйлемдер әрқилы аспектіде қол-
данылып қызмет етеді; мазмұны жағынан да, тұлға, құрамы 
жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Бірақ олар тілдің жүйе-
лілігіне қарасты айырым үлгі-тұлғалар арқылы құрылымдық-
грамматикалық типтер ретінде қалыптасып жұмсалады да, 
әр қилы сөйлеу мазмұнын зат, құбылыстардың байланысына не-
гізделген логикалық қатынастар ыңғайында, жалпыланған мағы-
нада білдіреді.
Роман, герман, орыс тілдерінің мамандары жай сөйлемнің 
құрылымдық типтерін көбіне, грамматикалық, мағыналық крите-
рийлер негізінде топтастырып келеді. 
Сөйлемдер айырым үлгі-тұлғаға байланысты қалыптасады 
десек, олардың негізгі жіктелу критерийі – грамматикалық-
құрылымдық ерекшеліктер болмақ. Әрине, ол грамматикалық 
ерекшеліктер сөйлемдердің жеке бір типтерге ажыратылуында 
бірдей емес. Мұның өзі мынадан байқалады: жалпы сөйлемдердің 
грамматикалық критерий тұрғысынан топтастырылуына алды-
мен, олардың мүше-құрамды не мүше-құрамды емес болып құ-
ралу айырмашылығы негіз етіледі; мүше-құрамды сөйлемдер 
тобын өзара ажыратқанда грамматикалық критерий – екі бас мү-
ше не бір бас мүше арқылы құралу-құралмау ерекшелігі болады.
Сөйлемнің мағыналық жағы да оларды топтағанда негізге 
алынады. Оның өзі қосымша фактор ретінде, грамматикалық 
критериймен тікелей байланыста ескеріліп отырады. Мысалы, 
бір бас мүше негізінде құралған сөйлем түрлерін жіктегенде, бұл 
бас мүшенің грамматикалық тұлғасымен бірге, етістік не есім 


Бердібай Шалабай
48
түріндегі лексикалық құрамы, осыған орай ол типтердің мағы-
налық айырмашылығы да бірдей еске алынып, негіз етіледі.
Осы айтылғандарды ескере отырып, қазіргі қазақ тіліндегі 
жай сөйлемдерді құрылымдық типтері жағынан мына сала-
жүйеде жіктеуге болады.
Жалпы жай сөйлемдер құрылымына қарай, алдымен, екі салаға 
бөлінеді: синтаксистік мүше-құрамды сөйлемдер, синтаксистік 
мүше-құрамды емес сөйлемдер.
Синтаксистік мүше-құрамды жай сөйлемдер айырым тұлғалы 
екі бас мүшенің арақатынасында не арнаулы тұлғалы бір бас мүше 
арқылы қалыптасу құрылымы жағынан екі топқа жіктеледі: екі 
бас мүше-құрамды сөйлемдер, бір бас мүше-құрамды сөйлемдер.
Арнаулы тұлғалы бір бас мүше арқылы құрылатын сөйлемдер 
осы бір бас мүшесінің лексикалық-грамматикалық ерекшелігіне 
қарай екіге бөлінеді: бір бас мүшесі белгілі бір рай, шақ тұлғалы 
етістіктер арқылы не айырым тұлғалы етістіктерге модальдік сөз-
дердің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер және бір бас мүше сі 
атау септік тұлғасындағы есімдер арқылы жасалған сөйлемдер.
Алдыңғы топ баяндауыш бас мүшесінің істі істеуші субъек-
тіге не істің арналу иесіне байланысты мағыналық айырмашылы-
ғы жағынан үш түрлі болып келеді: белгісіз жақты сөйлем, жана-
ма жақты сөйлем (жақсыз сөйлем), жалпылама жақты сөйлем. 
Ал соңғы топ атау септік тұлғалы бас мүшесінің лексикалық-
грамматикалық жасалу ерекшелігі жағынан, соған сәйкес, айы-
рым мазмұны жағынан: жақсыз сөйлем (есім жақсыз) және атау-
лы сөйлем болып екіге жіктеледі.
Синтаксистік мүше-құрамды емес сөйлемдер лексикалық-
грамматикалық жасалу ерекшеліктеріне қарай:
1. Атаулы сөйлемдер;
2. Арнаулы модальдік сөздерден құралған сөйлемдер;
3. Одағайдан құралған сөйлемдер болып 3 топқа бөлінеді.
Бұлардың ішінде тек атаулы сөйлемдердің табиғаты біраз 
дәрежеде зерттелген. Ал, басқалары, жалпы синтаксистік мүше-
құрамды емес сөйлем типтері, олардың мағыналық-грамма-
ти калық ерекшеліктері арнайы зерттеу объектісі болған емес. 
Кейінгі кездері ғана жекелеген диссертациялық еңбектерде 
қарала бастады.


Қазіргі қазақ тілі
49
Сөйлем жеке сөздерден де, сөз тіркестерінен де құралады. 
Ол құрылымы мен мүше – құрамы жағынан да біркелкі болып 
келмейді. Мазмұны жағына да, тұлға, құрамы жағынан да түрлі-
түрлі болып келеді.
Сөйлемдер замандар бойы жалпы құрылымы жағынан ке-
ңейіп шыңдалады, қолдану аясы мен мағынасы жағынан сарала-
на түседі. Уақыт озған сайын олардың белгілі бір тип ретінде 
қалыптасу тәсіл-жүйесі де сұрыпталып отырады. Бұдан адамның 
ойлау жұмысының да тарихи үдеріс екендігі байқалады.
Өзге тілдердегі сияқты, қазіргі қазақ тілінде де жалпыланған 
сөйлем типтері бар. Оны белгілеу үшін, сөйлемдерді өзара 
жіктеген жөн. Сөйлемдерді топтастырудың ұстанымдары мен 
сала-жүйесін айқындауда қазақ тіл білімі соңғы кездерде ортақ 
тоқтамға келді деп айтуға болады. Сонда да кейбір мәселелерде 
әлі де пікір әртүрлілігі бар. Соның бірі – сөйлемнің құрылымдық 
типтерін айқындау.
Сөйлемдердің жалпы құрылымына байланысты жіктелу 
ерекшелігі мынадай:
Бір не бірнеше предикативтік қатынас негізінде құралын 
жұмсалуы жағынан сөйлемдер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет