129
жарықтар тұтас емес, ал сортимент ұзындығы бойынша үзілісті ажырамалар
түрінде болады.
6.6-сурет. Белгіленген жарықтар:
а – қарапайым, б, в – күрделі
Қопарылмалы жарықтар – бұл сүректің ядро ішінде немесе ӛсіп түрған
ағаштың ӛсіп жетілген сүрекгінің ішінде діңның қыртысталуы (жылдық
қабаттары бойынша). Қосырманы дӛңгелек ағаш материалдарында торецте доға
пішінді (шайырмен толтырылмаған) немесе сақина пішінді жарық түрінде (6.7,
а,б-сурет), кесілген материалдарда торецте ай пішіндес жарық, ал бүйір жақ
беттерінде бойлық жарық түрінде немесе науалы қуыс пішінінде анықтауға
болады (6.7, в-сурет).
Әлі күнге дейін қопарылмалы жарықтардың пайда болуының нақты себебі
анықталған жоқ. Қопарылмалы жарықтар ұсақ қабатты сүректің ірі
қабаттытыға күрт айналу аймақтарында кездеседі. Қопарылманың пайда болу
себебі ішкі шіріктердің [2], қарағай мен жалпақ жапырақты ағаш тұқымдас-
тарында – су қабатының пайда болуымен байланысты болуы мүмкін (одан
кейінгіні қараңыз).
Аязды жарықтар жалпақ жапырақты тұқымдастардың (кейде қылқан
жапырақты тұқымдастарда) ӛсіп тұрған ағаш діңы сүрегінің сыртқы бойлық
ажыраулары түрінде болады; дің бойымен радиал бағытта таралады (6.8-сурет).
Олар қыс мезігілінде температураның күрт тӛмендеуі нәтижесінде қалып-
тасады. Оларға найзағай соққысынан қалыптасқан ескі жарықтар ұқсас келеді.
Дің бетінде бұл ақаулар ұзын ашық жарық түрінде болады, және білекше-
лермен ӛскінделген сүректің және қабат жиектерін жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: