Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет78/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

 


130 
 
6.7-сурет. қопарылмалы жарықтар: 
а,б – дӛңгелек сортименттерде 
в - кесілген материалдарда
 
6.8-сурет. Аязды жарық 
 
Дӛңгелек ағаш материалдарында аязды жарықтар бүйір жақта және 
торецте жақсы кӛрінеді; сыртқы жағынан олардың ені үлкенірек, және сүрек 
ішіне қарай біртіндеп тарыла отырып енеді (кӛбінесе ӛзекшеге дейін). Кесілген 
материалдарда олар ұзын радиал жарықтар олардың жанындағы жылдық 
қабаттардың кеңейтілген түрінде анықталады. 
Кеуіп кетуден болатын жарықтар ағаш материалдарында ішкі кептіру 
жүктемесінің нәтижесінде пайда болады. Жарықтар бүйір жақ беттен 
сортимент ішіне радиал бағыт бойынша таралады. Белгіленген және 
қопсарыламы жарықтардан ерекшелігі олар сортимент ұзындығы бойынша аз 
созылуымен (әдетте 1 м-ден артық емес) және аз тереңдігімен ерекшеленеді. 
Бұл жарықтар дӛңгелек сортименттердің және кесілген материалдардың торецті 
жазықтығында олардың ұзындығы бойынша бірқалыпты құрғамауының 
нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Ірі қимадағы (кӛбіне жалпақ жапырақты ағаш 
тұқымдастарында) араланған материалдарды кептірудің соңғы кезеңінде кейде 
сортименттің ашылуы кезінде анықталатын ішкі жарықтар (қаяулар) пайда 
болады. 
Жарықтар сортиментте орналасуы бойынша кӛлденең және бүйір жақ 
жарықтар болып 2-ге бӛлінеді. Кӛлденең жарықтар деп сортименттің 
кӛлденең жағында орналасқан бірақ бүйір жағына шықпайтын жарықтарды 
айтса, ал бүйір жарықтар деп сортименттің бүйір жағында орналасқан әрі 
кӛлденең жағына шығатын жарықтарды айтады. Кесілген сортименттің ішіндегі 
бүйір жарықтар бетті (6.9,б-сурет) және жиекті (6.9,в-сурет) болып 
ажыратылады. 
Егер де жарықтар сортименттің қалыңдығының тереңдігіне 1/10 бӛлігінен 
аз таралып кетсе (бірақ дӛңгелек ағаш материалына 7 см-ден, ал кесілген 
ӛнімдерде 5мм-ден кӛп емес) ол терең емес, ал егер одан үлкен тереңдіке 
таралса (бірақ бүйір бетке екінші рет шығуы болмайды) терең деп аталады. 
Ӛтпелі деп сортименттің екі бүйір жағына немесе екі кӛлденең жағына да 
шығатын жарықты айтады, сондай-ақ шенді жарықтар деп сортиментің бір 


131 
жағының (науашықты жасау мүмкін) екі жеріне шығатын жарықты айтады. 
Шпондағы жарықтардың ені 0,2 мм-ден кем болса жинақы немесе тұтас деп, 
ал одан кең болса тармақталған деп аталады. 
Бүйір жақ жарықтарды миллиметрмен сортимент тереңдігі бойынша 
ӛлшейді, ал ұзындығы бойынша сантиметрмен немесе сортименттің ұзындығы 
мен қалыңдығының бӛлігіне сәйкес ӛлшейді. Тереңдікті ӛлшеу үшін жіңішке 
болат қуыс бұрғыны пайдаланады. Кӛлденең белгіленген, шенді және аяздан 
пайда болған жарықтарды кӛлденең ағаш материалдарында ӛзекті тақтайдың ең 
кем дегендегі қалыңдығында немесе кӛлденеңнің бүлінбеген перифериялық 
аймағының ең кем дегендегі ені бойынша шеңбердің диаметрі арқылы ӛлшейді. 
Құрғақ дӛңгелек ағаш материалдарындағы кӛлденең жарықтар тереңдік 
бойынша ӛлшенеді. Кесілген ӛнімде бүйір жарықтар бүйір де бойлық бойымен 
мм-мен ӛлшенеді, немесе олардың проекциясы кӛп сортименттің сол жағының 
бӛлігінде ӛлшенеді. Бүйір шенді жарықтар кесілген ӛнімде хорда бойымен 
ӛлшенеді, егер де жарық жылдық қабат шеңберінің жартысынан кӛп бӛлігін 
алып тұрса онда диаметрмен ӛлшенеді. Шпонда жарықтар ұзындығы бойынша 
ӛлшенеді, ал таралған жарықтар ені бойынша ӛлшенеді; беттің 1 м еніндегі 
жарықтардың саны ескеріледі.
Талшық бойымен немесе талшыққа кӛлденең қысу кезінде жарықтың 
салдарынан беріктіліктің ең аз тӛмендеуі байқалады, талшыққа кӛлденең созу 
кезінде жарық жазықтықта күштің бағытына перпендикуляр орналасса, сондай-
ақ егер жарық жару кезінде жару жазықтығымен сай келсе, беріктіліктің ең кӛп 
дегендегі тӛмендеуі байқалады. Бейтарап жазықтықта орналасқан және июші 
күшке перпендикуляр бағытта иілу кезінде ең кӛп кері әсер кӛрсететін ол –
жарықтар. Мұнда қалыпты күш болмайды, бiрақ жанамалық күштердің ең 
жоғарғы және беріктіліктің тӛмендеуі ауданның кемуіндегі жұмыстың 
жарлуына пропорционал. Н.И. Леонтьевтің деректері бойынша, талшықтарды 
созу және қысу кезінде серпімділік модуліне жарықтар әсер етпейді, бірақ 
статистикалық иілу кезінде жарықтың жазықтығы иілу күшінің бағытына 
перпендикуляр болса, онда серпімділік модулі тӛмендейді. 
Жарықтар-құрылыста қолданылатын сортимент беріктілігінің тӛмендеуін 
қарастыратын негізгі факторлардың бірі. Жарықшақтардың дәлдік шегіндегі 
шектеулер, олардың ылғалға ӛтуімен және сортименттің терең жағына қаулап 
кетуімен түсіндіріледі. 
6.9-сурет. Кӛлденең (а), бетті (б), жиекті (в) жарықтар 


132 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет