Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет84/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Ішкі шел қабық. Емен, шетен (кейде 
басқа жалпақ жапырақты) ағаштарында шел 
қабыққа түсі және басқа да қасиеттері
бойынша ұқсас бірнеше кӛршілес жылдық қабаттар түзіледі. Қою боялған 
дӛңгелек сортименттің шеткі бетінде ядроның бір немесе бірнеше ашық түсті 
сақиналары белгілі болады. Кесілген ағаш материалдарының радиалдық немесе 
соған жақын беткі бӛлігінде тегіс ашық түсті жолақтар кӛрініп тұрады. 
Тангенциалдық бетінде ішкі шел қабық үлкен не кіші түрде бақыланады, яғни 
жылдық қабаттардың орын ауыстыруы кезінде түзуленеді. Камбияның қалыпты 
жағдайының яғни аяздан бұзылуынан, ішкі шел қабық түзіледі.
Дӛңгелек сортименттерде ішкі шел қабық сақиналарының сыртқы 
диаметрі, сонымен қатар, сақина ені ӛлшенеді. Кесілген материалдарда және 
шпондарда аумақтың яғни кемістік жерлердің енін, ұзындығын және ауданын 
ӛлшейді.
Ішкі шел қабық, қалыпты шел қабық секілді ядроға қарағанда шіруге 
тӛзімділігі тӛмен, ылғалды жеңіл ӛткізеді. Ағаштың шел қабығының кебуі 
ядролық ағашқа қарағанда кем. 
Дақ. Жара, химиялық факторлардың, саңырауқұлақтар мен жәндіктердің 
әсерінен ӛсіп келе жатқан жалпақ жапырақты ағаштарда салыстырмалы түрде 
қара түсті бӛліктер пайда болады.
Тангенциалды дақ кӛбіне шамшатта кездеседі, шамамен ені жылдық 
қабаттың енімен тең, ұзындығы 2 см дейін, кейде одан да кӛп. 
Тангенциалды қимада бойлай кең қоңыр немесе сұрғылт-қоңыр жолақтар, 
ал радиалды қимада – қоңыр фонда анық ерекшеленетін ӛзекті жолақты 
жіңішке жолақтар кӛрінеді. 
Радиалдық дақ жалпақ жапырақты ағашта кӛбірек (кӛбіне қайыңда), әдетте 
діңнің орталық бӛлігіне жақын; сортименттің бүйір бӛлігінде ол радиал 
бағытымен, яғни ӛзекті сәуленің бойымен керілген қара қоңыр, қоңыр және 
қою сұр түсті кішкене дақ ретінде кездеседі. Бойлық қималарда дақ бойлық 
жолақтар, яғни конустың шеті секілді бақыланады. Ол саңырауқұлақтар мен 
жәндіктердің, қабықты құстардың залалынан бүлінуі нәтижесінде пайда 
болады. 
Прожилки, немесе қайталама ӛзектер, әдетте қайың ағашында, немесе 
басқа да жалпақ жапырақты ағаштарда кӛптеп кездеседі (қандыағаш, шетен). 
Жолақтар радиалды қимада жылдық қабаттың шекарасында, қоңыр сызықтар 
түрінде кӛрінеді. Тангенциалды қимада олар тұзақ пішінді болып келеді. Ӛзекті 
қайталамалар әртүрлі себептерден пайда болған, ағаш құрылысының микро-
 
17-сурет. Ішкі шел қабық.


141 
аномалиясы болып табылады. Шпонда түптелген жолақ түрде, топты прожилки 
шашылған немесе тығыз орналасқан болып бӛлінеді. Ӛзекті қайталамалар 
кӛптеген себептерге байланысты туындаған ағаштың микроаномалиялық 
құрылысы болып табылады. Дӛңгелек ағаш материалдарында дақ ескерілмейді. 
Ағаш ӛнімдерінде және шпонда ақаулардың ұзындығын және енін немесе 
сортименттің жоғарғы бӛлігіне сәйкес аудан пайызын ӛлшейді. Ірі сортимент-
тердің механикалық қасиетіне дақтар елеулі әсер бермейді, дегенмен шпонда ірі 
дақ орындарындағы радиалды дақтарда жарылу пайда болады. Прожилки кӛп 
мӛлшері созылу кезінде шпонның беріктігін тӛмендетеді. 
4. Ӛзек. Аралас және қос ӛзек. Ӛзек. Алдыңғыда кӛрсетілгендей ӛзек ағаш 
діңінің бӛлігі. Дӛңгелек сортименттерде ӛзектің болуы сӛзсіз, сондықтан ол 
оларда ақау болып саналмайды. Жақын орналасқан пласти мен жиегінен 
бастап, кесілген ӛнімде ӛзектің жату тереңдігін ӛлшейді. Ӛзек пен оған 
жалғанған ювенильді ағаш кіші қимадағы сортименттің беріктігін 
нашарлатады. Ірі кесілген сортименттерде ӛскін бұтақтар кӛп болғандықтан
онда ӛзектің болуы қажетті емес. Сонымен қатар, осылай кесілген, ӛзекті 
сортименттер, әдеттегідей кептіргенде кептірудің анизотропиясының әсерінен 
жарықшақтанады. Ӛзек тез шіриді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет