Сабақ жоспарларында қандай әдістер қолданылғандығын анықтаныз. Оқыту әдістерін қолданып, сабақ жаспарын құрастырыңыздар


Оқыту әдісі – бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру



бет2/2
Дата11.03.2022
өлшемі115,86 Kb.
#27656
түріСабақ
1   2
Оқыту әдісі – бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі»-деп атап көрсеткендей баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен мән берген.Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда әр түрлі жаңатехнология элементтерін сабақтың мазмұнына байланысты жоспарлап қолдану өз нәтижесін жақсы береді. Баланың қабылдау ерекшелігі де ескерілу керек. Бұл фокторларды еске алмай білім берілсе ол нәтижесіз болады. Бұл жерде мұғалім шеберлігі басты роль ойнайды. Негізі тірек –сызба нұсқалары балаға берілетін білімді жеңілдетеді. Есте сақтау қабілеті, төмен баланың ойында өткентақырып тез сақталады .Сызба арқылы білім шашыранқы түрде емес,нақты беріледі.Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге дағдыланады. Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық қабілеті артып өз бетінше сызбалар құрастыруға талпынады.Оқушылардың білім деңгейін арттыруда олардың жұмыстарын бағалауда көп әсер етеді. Кейбір оқушылар мақтауды жақсы көрсе, кейбіреуі шынайы бағаланғанды қалайды. Бұл жерде бағалаудың әр түрі бар. Оқушы өзін-өзі бағалау, жұмыстың көлеміне қарай бағалау, ашық бағалау. Баланың қабылдауы мен мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан қарасақ, оқушылар білімнің 10% - ын оқығанда,20% - ын тыңдағанда,30% - ын көзбен көргенде,50% - ын зерттегенде70% - ын пікір таластырғанда,80% - ын тәжірибе жасағанда,95%-ын басқаларды үйреткенде игереді екен.Мұғалім әдіс-тәсілді таңдағанда осы ерекшелікті тақырыпқа сай ескере отырып таңдау керек.

2. Жаратылыстану сабағында қолданылатын педагогикалық технологиялар:




Дамыта оқыту технологиясы



Деңгейлеп оқыту



Сыни тұрғысынан ойлау





Тірек сызбамен қарқынды оқыту

Ойын технологиясы





Модульдік технология



Ақпараттық технология

3. Төменде келтірілген сабақ үлгісі қандай технологияларға негіделген.

Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл.

Сабақтың мақсаттары:

1) Білімділік: Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттың құбылысын танып, одан әсер алуға үйрету. Өзен және көл туралы мәлімет бере отырып, білімдерін арттыру;

2) Дамытушылық: Байқағыштық, танымдық қабілеттерін дамыту, өздігінен қортынды шығара білуге дағдыландыру;

3) Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, табиғатты аялауға үйрету, шығармашылыққа баули отырып экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі. Топпен жұмыс, ойын ашық айту, ізденушілік.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтағы педагогикалық технология. .сыни тұрғысынан ойлау технологиясы.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суретті плакат, сызбалар, кескін картасы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық жүргізу.

Үй тапсырмасын тексеру. Жер асты сулары.

1 топ: "Сусыз тіршілік жоқ" дегенді түсіндір.

2 топ: "Жер асты суының қандай маңызы бар" екенін дәлелде.

3 топ: Адам өміріне шипалы сулардың маңызы қандай? (Артезиан құдығы.)

Қосымша тапсырма: Құдық туралы мақал-мәтел, ертегі, аңыздарды естеріңе түсір.

Мақал-мәтел, тыйым сөздер айту.

III.​Ой жинақтау.

1) Теледидар арқылы табиғат құбылысын көрсету.

- Мына жерде табиғаттың қандай көрінісін көріп тұрсыңдар?



Өзен туралы өз ойымызды айтайық.

- Өзен таудан құлап, сарқырап ағады. Ол тастан-тасқа соғылып жер-көкті аралайды.

2) Слайдтан көлдердің суретін көрсету.

IV. Мағынаны тану. Поэзия минуты арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын ашу, яғни өзенмен байланысты екенін аңғарту.

Өзен


Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

(Ы.Алтынсарин)

V. Жаңа сабақ. Өзен және көл.

1) Мәтінді тізбектей оқу.

2) Кандай жаңа ақпарат алғанын анықтау.

Өзен дегеніміз - өзі салған арнамен ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзендері және жазық өзендер. Тау өзендері тік жартасты терең болып келеді. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болады. Жазықтағы өзендер кеме қатынастары үшін қолайлы. Өзеннің теңізге, көлге немесе басқа өзенге құятын жерін өзен сағасы деп атайды. Өзенге жылғалар мен ұсақ өзендер құяды. Олар - өзен салалары.

Қызықты мәлімет

Әлемдегі ең ұзын өзен - Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа - АҚШ-тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 м.

Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.Бұл өзендерде балықтардың құнды тұқымдары тіршілік етеді.

Көл.

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықта да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады. Мысалы, Каспий теңізі.



Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қоректенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды, ағынсыз болады. Ағынды көлден өзен ағып шығады. Көлге тұз жинақталады. ол өзен сумен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады

Каспий - ағынсыз көл. Көлдердің шаруашылықта пайдасы зор. Олардың ең бірінші байлығы - Тұщы су. Көлдер кеме қатынасы үшін пайдалынады. Мысалы Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады. Көлдерде бапықтың түр-түрін аулайды.

"ІNSЕТ" жүйесі бойынша жұмыс істеу: білемін, білмеймін, жаңалық.

Қосымша мәліметтер беру арқылы білімдерін толықтыру.

Шығармашылық тапсырма (өлең немесе жұмбақ құрастыру).

Өзен - Су - Көл

VI.​Қорыту.

- Не үйреніп, не білдік?

Оқушылар картаны пайдалана отырып Қазақстанның өзен, көлдерін көрсету.

Мысалы: Ертіс өзені туралы айту. Каспий, Балқаш, Арал туралы. Ертіс - қатынас жолы, суын ішеді.



VII.​Бағалау. Дөңгелекшелер арқылы бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет