Серік Мырзалы философия оқу құралы


ХХ ғасырдағы Шығыстың дiни философиясы



Pdf көрінісі
бет253/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ХХ ғасырдағы Шығыстың дiни философиясы
ХХ ғ. ғылыми-техникалық революция, соның негiзiнде пайда 
болған орасан зор өндiргiш күштер, мемлекеттер арасындағы эко-
номикалық, мәдени, саяси қатынастардың күрт өсуi Шығыс елдерiнiң 
ахуалын «батыстандыра» бастады. Шығыс елдерi заманның қойған 
талабына сәйкес келетiн жауаптар iздей бастайды. Бiр жағынан, әрине, 
олар өздерiнiң өндiргiш күштерiн Батыстың дамыған елдерiндегiдей 
қылып дамытып, халықтарының өмiр сүру деңгейiн өсiргiлерi 
келедi. Екiншi жағынан, Батыс елдерiндегi рухани тоқыраушылық 
оларды үрейлендіріп, мыңдаған жылдардағы жиналған мәдениет 
құндылықтарына, өмiр салтына, әдет-ғұрпына соққы тигiзе ме деген 
алаңдаушылықты тудырады.
Сөйтіп, бiр жағынан, сыртқы ықпал, екiншi жағынан, ұлттық-
мәдени мұраны сақтап қалу мәселесi Шығыс елдерiндегi рухани өмiрде, 
негiзiнен, үш ағымды тудырды.
1. Кертартпа ағымдағы күштер (регрессизм) ұлттық рухани-
мәдени құндылықтарды сақтап қалу қажет, Батыстан келгеннiң 
бәрi – шайтандық нәрселер деген пiкiр айтады. Батыстың ықпалына 
қарсы тұратын ең күштi құрал – ол дiн. Сондықтан ислам дiнi тараған 
бiршама Шығыс елдерiнде «дiни фундаментализм» (iргетастық) 
кең етек алып, онда неше түрлi экстремистiк саяси қозғалыстар 
қоғам өмiрiнде кең орын алып отырғаны бүгiнгi таңда құпия нәрсе 
емес. Жалпы алғанда, оның түп-тамырын Батыс жолымен қоғамды 
жаңартуға бағытталған саясаттан шығатын қайшылықтардың нәтижесi 
деп байланыстырсақ та болады.
Бұл бағыттағы ойшылдардың ойынша, «тағдыр – алдын ала 
анықталған», әлеуметтiк өрлеу дегенiмiз – жалған, алдайтын нәрсе. 
Адамның негiзгi мақсаты – әлеуметтiк дамудың биiк сатысына көтерiлу 
емес, карманы (туа бiткен тағдырды) тазартып, келесi дүниеге келгенде 
бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды 
тарататын саясидiни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» (Индияда), 
Джамағаат-и-ислами (Пәкістан, Ауғанс-танда) т.с.с. Бұлардың бәрi 
де дiндi «таза ұстауға», тек қана Құранның негiзiнде өмiр сүруге 
шақырады, «Құран – бiздiң конституция» деген ұран көтередi. Олардың 
ойынша, мемлекеттi Имам (қоғамның дiни басшысы) шариғаттың 
негiзiнде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетiн дiни 
сотшы – қади болуы қажет. Жер бетiндегi бүкiл халықтардың арманы – 
теңдiк пен әдiлеттiлiк тек қана саясат пен дiн бiр-бiрiне қосылғанда 
ғана келедi.
2. «Батысшылар» ағымындағы (вестернизм) күштердiң ойынша, 
ұлттық құндылықтар дегенiмiз – артта қалушылықтың, надандықтың, 


358
ыдыраудың нышандары. Сондықтан тезiрек Батыс құндылықтарын 
өмiрге енгiзiп, қабылдау қажет. Сонда ғана Шығыс елдерi дәуiрдiң 
қойған талаптарына сай келiп, «жалпыадамзат цивилизациясына» 
қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетiстiктерiмен теңестiредi.
Ал дiн мәселесiнде олар оны «әр адамның ар-ұжданының iсi, 
таңдауы» деген пiкiрде. Қазiргi уақытта дiн мемлекеттен бөлiнуi керек. 
Бiлiм беру саласында жастарға «ағарған тәлiм-тәрбие беру қажет». 
Осының негiзiнде қазiргi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн игерiп, 
өмiрде кеңiнен қолдануға мүмкiндiк алуымыз керек деген пiкiр тараты-
лады.
3. «Прогрессистер» ағымындағы ойшылдар Шығыс елдерi 
бұрынғыдай өмiр сүре алмайтынына көздерi жетiп, өзгерiс, жаңару, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет