34
Қызыл жебе
Рысқұл Шолақ Шабдарды ерттеп, Қаракемер, Шелек жағына
жиналғанда Тұрар бұрын байқалмаған мінез танытты.
Бұрын
қанша сапарға аттанды – ала кет деп айтпаушы еді. Әйтеуір сол
жолы қатты қиылды. Баланың көңілін жықпай, Шолақтың артына
мінгестіріп ала кетті.
Шымалдай құжынаған қалың халықтың арасында адасып
кетеp деп, Рысқұл баласын жанынан бір елі тастаған жоқ. Ас
қызығы – алпыс шақырымға айдаған ат бәйгесі еді. Жебе сол
бәйгеде
аққан жұлдыздай алдымен келіп, даңқы бұрынғыдан
бетер шарықтап кетті. Астын үшінші күні көкпар тартылды.
Әсіресе көкпар дегенде делебесі қозып кетіп Рысқұл Тұрарды
арқасына жәрбитіп жабыстырған күйі, доданы айналшақтап,
қызыл майданның қызуына өзі түспесе де, қараптан-қарап жүріп,
қиқулап қояды.
Дода - арасы екі-үш шақырымдай
екі төбенің ортасында
басталды. Өрдегі Сазтөбе – Саймасай ауылының мәресі.
Ылдидағы Кесіктөбе – Тұқымбай ауылының мәресі. Саймасайдың
Күрең Қасқасы додашыл мал еді. Күрең Қасқадағы Мақаш палуан
көкпарды қатарынан екі рет апарып салғанда Тұқымбай түтігіп,
сақалын жұлып, жер сабалады. Саймасай сақ-сақ күліп, айбыны
асты.
Ызаға булыққан Тұқымбай көкпарға Қызыл Жебені қос деп
бұйырды жігіттеріне. Қызыл Жебе додаға жоқ еді. Бірақ додадан
шыққан Мақаштың Күрең Қасқасын адым аштырмай қуып
жетеді. Амал не, үстіндегі жігіт Мақаштың тақымындағы тайдай
серкені сілкіп ала алмай ажырап қала берді. «Ой, әттесі-ай! Ой,
қайран Қызыл Жебе-ай!» – деп жұрт санын соғып, аһ ұрады.
Көкпардың желігі қыспасын, бір
қысса адамның екі көзіне
қан толып, ертеңін ойлап жатпас. Рысқұлды желік жеңді.
Саймасайдың сойыл соғары екені есінен шығып, Қызыл Жебенің
бір ездің астында көрер көзге қор болғанын көріп, Шолақ
Шабдарды тебіне түсіп, кимелеп Тұқымбайдың алдына барған.
– Уа, Тұқа, Қаңлы, Жаныстың емес, Қызыл Жебенің намысы
үшін, мына мен қалысқа рұқсатыңды бір берші, мен көрейін, –
деді.