Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет19/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
дыбыс оқта-текте шығып кетеді. «Байдың тоқалы, – деп қойды 
Рысқұл. – Е, сорлы, қалтырауық, қауқарсыз шалға қор болған. 
Есіңнен тандырар еркек жатса жаныңда, ұйқың суға батқандай 
тып-тыныш болар еді».
Беймезгіл сәтте есіне Ізбайша түсе кетті. Жып-жылы төсекте 
жып-жылы құшақта Ізбайшаның гүлқайырмен жуған қолаң 
шашын иіскеп, сәмбі шыбықтай серіппе беліне оң қолды артып 
қойып, атластай сылаңды денесін сипалап жатып, түн баласының 
ләззат теңізінде малшып тыншымай, аш бөрідей ауылдың 
іргесінде демін ішінен алып, бұқпалап тұрғанына өкінді.
Түнді құдай тыныштыққа, күндіз көрген азабыңнан бір 
мезгіл арылып, тәтті құшаққа, тәтті ұйқыға кіруге жаратқан. 
Ал Рысқұлдың талай түні қаталдықпен, қиқумен, дүрлігумен, 
дүбірмен өтті. «Осыдан жолым болса, бұл кәсіпті үзілді-кесілді 
қойғаным болсын», – деп өзіне өзі талай ант берді.
Бірақ өз еркің, өз қолыңда болса ғой. Көзге көрінбейтін лағнет 
құрығы бар. Ырық бермей, ерік бермей, қақпайлап, қарғыс 
жолына сала береді, сала береді. Өмір деген ұзын арқан, кең 
тұсау, көбінесе қысқарып та тартылып қалады.
Қызыл Жебе қамаулы тұрған үйге бұқпаламай-ақ, жай басып, 
тікесінен тік жүріп барды. Бұқпаласаң-ақ, адам тұрмақ мал да 
сезіктенеді. Күйіс қайырып, мекіреніп қойып қойлар жатты. 
Дүрліккен жоқ.
Ендігі қиыны – есіктен қарағанда Қызыл Жебе үрікпесе болар 
еді. Әнеу күнгі көкпарда қызынған тұлпарды Рысқұл таңдайын 
тақылдатып тыныштандырғаны бар. Үйдің есігіне таяна 
бере естілер-естілмес таңдайын қақты. Ат елең етіп, құлағын 
тікірейтіп, бұған тесіле қарап танауын делбеңдетіп сәл оқыранды.
Табалдырықта талыстай болып, кесе-көлденең түсіп, қарауыл 
жатыр екен, оянған жоқ. Мұрнынан дем ала алмай, аңырайып 
аузы ашылып ұйықтайтын дәу неме екен. Рысқұл оның үстінен 
абайлап аттап өтті де, ашық аузына жұмарлап жұдырықтай 
орамалды тығып жіберді. Екі самайының көк тамырын езіп-езіп, 
есінен тандырып, үймедей немені іргеге қарай сүйреп тастады. 
Қалтасын тінтіп, кісеннің кілтін алды.


40
Қызыл жебе 
Жастайынан жылқы баласының иісі өн бойына сіңіп өскен, 
адал досты адамнан гөрі жылқы баласынан көп тапқан Рысқұлды 
Қызыл Жебе де танығандай, тосырқамай, жай ғана жеңіл иіскеп, 
ішін тартып қойып, мойын ұсынып тұрды.
Рысқұл асыл туған пырақтың қырым еті жоқ қатқыл басын 
құшақтап, ақбөкеннің тұмсығындай дөңес келген кең танау 
тұмсығынан сипалады. Жануар елжірегендей қос құлағы 
салбырап кетті. Баданадай көздерін жұмып, тұмсығын Рысқұлдың 
кеудесіне үйкеледі. Тұлпар туған атты құдай бақталастардың 
додасына салмай, жүйрік қадірін қасиеттер сендей ерлердің 
пешенесіне жазса, – деп мұңын шағып тұрғандай. Рысқұл оның 
апайтөс омырауын, арыстан бөксе сауырын сипағанда жылқының 
денесі тұнығына тас лақтырған айдын судай дір-дір етті.
Рысқұл енді еміренуді, еркелетуді қойып, жалма-жан Қызыл 
Жебенің қоладан құйғандай тіп-тік тұяқтарына киіз байпақ 
кигізді.
* * *
Жабайы алманың арасында қалған Шолақ Шабдарға жеткен 
соң, Рысқұл ноқталы Қызыл Жебені жетекке алып жеделдете 
желе жортып, Солдат сайдағы болыстың ауылына тіке тартты. 
Алдында көлбеңдеп, түлеген түйенің мойнында қалған өлі 
жүндей болып көрінген жабайы алма ағаштары бар қырқалар 
бей уайым мүлгіп жатты. Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден 
төніп, бәрін көріп, бәрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай 
қарайтын да тәрізді. Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен 
жұлдыздар сезіп, секем алып: – Әттеген-ай, бекер болды-ау, – деп 
үндері жоқ тек іштен тынып қалғандай.
Талғардың мұз дулыға киген жеті шыңы қабағына қырау 
қатқан батырлардай сұсты.
Айнала төңіректің жауығуынан Рысқұл жабыққан. «Осым не 
далбаса?» – деп налыған. Жүйрікті қолға түсіру әу баста қызық 
та сияқты еді. Қиын әрекеттің өз қызығы, желігі бар. Соған қол 
жеткен соң, ақыл кіріп, желік қайтып, көңілдің құлазыған кезі еді 
бұл.
Бір сәтке ол Тұқымбайға жаны ашығандай да болды. Ана 
жолғы аста Қызыл Жебені беріп, көкпар қызығының дәмін 


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет