Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет24/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Бүкіл Сәлік, Шілмембет, Шымырдың сүйегіне таңба түспей ме? 
Не деген сұмдық бұл! Елге барып: «Жаңылдық, жаздық» десек, 
«е, адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» демей 
ме? Қарақойынға қайта барып, бір тоқымдай жерге егін салып, 
түскен тарының талқанына қақалып өлсем арманым жоқ. Басқаң 
не қылсаң о қыл, мен өзім көшуге бел байладым. Тәуекел!
Омар демігіп барып әрең тоқтады.
Mүлгіп отырған қарт жай ғана оң қолын көтерді. Мүлгіп емес-
ау, ежелгі ескі моладай мүжіліп отыр.
– Шырағым, Омар, сен қазір үні бөтен, өзгеше бір сөз айтып 
кеттің. – Дауысы сүзектен тұрған адамдай әлсіз. – Адамның 
басы – алланың добы, қай сайда қаларын болжап білген 
ешкім жоқ. Дәм-тұз тартса, алла жазса, әруақ қолдаса елге де 
барармыз. Бірақ сондағы ел: «Рысқұлды құрбандыққа шалып
Дауылбайдың көңілін тауып, ақыры жағынып, жалбарынып 
қайттыңдар ма?» демей ме? Бәріміздің көкірегімізде мәңгі-бақи 
лағнет күдігі қалмай ма? Еті тірі ер ғой, Рысқұл осыдан аман-
есен босанып шыққанда «Тіпәй!» - деп бәрімізге түкірмей ме? 
Және оның осы жолы кінәлі екеніне менің күмәнім қатты. Мұнда 
бір найза бойламас бір сұмдық сыр жатыр, мен білсем. Күні кеше 
біздің ауылға болыс неге келді? Рысқұлмен неге жеке сөйлесті? 
Арандатып, әдейі ор қазып, соған омақата құлатқан жоқ па? 
Мұның сұрқиялығы Дауылбайдан да асып тұр, мен білсем. 
Әуелі істің ақ-қарасын ажыраталық, содан соң ұлығына дейін 
арызданып, алдына баралық. Тым болмаса, артынан бір іздеп 
бармасақ, адам болғанымыз ағайын-туған болғанымыз кәне?
– Ұлық бізді күтіп, емешегі елжіреп отыр, иә, – деп Омар 
күңк етті. Бұрынғыдай айырламайды. Жүні жығылып, жуасыған. 
Бірақ қушық шекесі тырысып, тыржиған қалпы қалды. – Ұлыққа 
не деп, не бетімізбен барамыз? Ойламайсыңдар ма, былай ақылға 
салып? Орыстың атының еті біздің ауылда табылғаны рас па? 
Рас. Рысқұл болмаса, осы отырғандардың біреуіміз.
– Оттама! – деді Шыныбек шыдай алмай. – Рысқұл кедей 
орыстың лақса жылқысын ұрламайды. Мұнда бір бәле бар. Ахаң 
дұрыс айтады. Болыс неге келді? Рысқұлмен неге жеке сөйлесті? 
Мен білсем, құдай біледі, болыс оны баяғыдағыдай тағы да 


50
Қызыл жебе 
бір қатерге басын тікті. Рысқұл көнбеді. Соған істеп отырған 
қысастығы бұл.
Ахаттың басы кеудесіне салбырай түсті. Кеше кешке 
Рысқұлдың атқа мініп, бейуақыт суыт жүріп кеткенін өзі ғана 
байқаған. Ол кетіс тегін емес. Бірақ орыстың атын алуда не 
мақсат? Не де болса, өзімен тілдесу керек. Алматы барып, 
өзімен жолығуға рұқсат алу керек. Ол осы ойын мына отырған 
інілеріне айтпақ болып, басын көтере бергенде, есіктің алдынан 
балалардың айқай-шуы шықты.
Байбаламдап жүрген Молдабектің Оразбағы екен. Астында 
шыбық аты бар. Шаңдатып шапқылап, Тұрарды ұстамақ болып 
екіленіп жүр. Жанында бір топ бала және бар.
– Ұста, Қызыл Жебені ұста! – деп айқайлайды.
– Қызыл Жебені соямыз! Қайыр бері, алдынан шық! Соямыз 
Қызыл Жебені!
Үйдегілер елең етсе де: «е, бала-шаға ғой» дегендей, қайтадан 
Ахаттың аузына қарап еді, қарт ләм деместен, есіктен көз 
алмастан, жалбыр қасы түксиіңкіреп, түрі бұзылыңқырап қалған 
екен.
– Тұқымбайдың Қызыл Жебесі сойылған. Сен де Қызыл 
Жебесің. Сені де соямыз, – деп Оразбақ Тұрарды астына бүктеп 
алыпты.
– Тек-әй, жүгірмек, жағың қарысқыр! – деп босаға жақта 
отырған Молдабек есіктен басын шығарып баласына айқайлады.
Шақыршы бері Оразбақты, – деді Ахат Молдабекке. – 
Шақыра ғой.
Молдабек ентігіп, таңқы танауы желпілдеп тұрған Оразбақты 
білегінен қатты ұстап, үйге алып келді.
– Ассалаумалайкөм! – деп дауысын қатты шығарды Оразбақ, 
үлкендерге сәлемдесу керек деп үйреткен тәртіпті ұмытпай.
– О, айналайын, таудай жігіт бол. Өстіп сәлемдесіп жүр 
ылғи, – деп Ахат баланың көңілін көтеріп қойды. Оразбақ таңқы 
танауын таңқ еткізіп тартып қалды. Әкесі жеңінен сілкіді.
– Оразбақ, Қызыл Жебені соямызың қалай? Қайдан естідің 
бұл сөзді? – деп сұрады Ахат абайлап.


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет