56
Қызыл жебе
Сарыны қудалама деп. Біздің Қарақойын
мен Кемербастаудың
суын ішуге рұқсат ет десін Дауылбай болысқа. Құрметті Метрей
тамыр, осыны ұмытпай айт патшаға.
– Е, ақсақал, сөзді көбейтіп жібердіңіз ғой,– деп саудагер
татар кегжие бастады.
– Болды өзі де. Жаз, шырағым, құдай тілеуіңді бергір. –
Құрметті Метрей тамыр! Хош! Алла-құдай сақтасын сені! Хат
жазушы Шымыр-Шілмембет Жылқайдарұлы Рысқұл. 1904 жыл,
Мизам айы».
– Адресі қайда? – саудагер татар. Ахат Рысқұл берген, іріп
тұрған қағазды абайлап бүктеуін жазып,
саудагердің алдына
қойды.
– «Санкт-Петербург. Улица» ... деп ар жағын оқи алмай
татар тоқтап қалды. Дәл бүктеуі қырқылып кеткен. Көшенің аты
өшіп қалыпты. «Дмитриеву С.В.» деген жазуы көмескі көрінеді.
Саудагер татар басын көп қатырып тұрмай,
адресті шала-пұла
жазып, хатты Ахаттың қолына берді. – Анау көшенің арғы бетінде
пошта бар. Соған апарып өткізіңіз, – деді.
* * *
Рысқұл Алматының түрмесіне түскелі үш айдан асып барады.
Жеке камера болатын. Жай жабайы там қыш еді. Кім біледі,
барымташы, жылқы ұрысы, «жабайы киргиз»
қашып қайда
барар деді ме, жоқ әлде тас камералар бос болмады ма, әйтеуір
Рысқұлды анайылау мал қора құралпы бір үйге әкеліп тыққан.
Оның да жалғыз терезесі темір болатын. Есігі берік.
Шілде шығып, қыркүйек кіріп, шөптің буыны қатып қалған
кез. Рысқұлды бір мезгіл қораға тыныстауға шығарады. Екі
мезгіл дәретханаға алып барады. Түрме мен қораның түкпірінде
тұрған дәретхана үйшігіне дейін жүз метр шамалы. Соған барар
жолдың бойында сыртқы дуалды қуалай қаулап өскен қарасора
бар. Кезінде орып тастауға ешкім құнттамаған қарасора сорлы
жоңышқа емес, не отын болып жарытпас, содан шаң қауып, гүлі
түсіп қурап, құдай қарғап қауқиып тұрғаны.
Рысқұл желкесінен мылтық кезеген айдауылмен ары-бері
өткенде, неге екенін өзі де түсінбей, сол қауға қарай ықтай береді.
Өмір бойы далада, тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскеннен