66
Қызыл жебе
сығалайтын әдеті бар. Сансыз пышақтың басын киіз қалпағымен
орай ұстап, іргенің қам қышын үңгілей берді. Зәк тұтқан, өмірі
күн түспей ыза тартқан қам қыш бөркемік жіліктің басындай
үгітіліп жүре берді.
Борпылдақ, топырақтан ескі
ұраның зәгіндей ылғалды иіс
сезіледі. Бір кезде Рысқұл ыңқ-ыңқ еткен дыбыстан шошып,
тосын тоқтады.Тың тыңдады. Ешкім жоқ. Сөйтсе, өзінің демі
екен. Есікке қарайлауды ұмытып, үңгі ісіне жан-тәнімен беріліп
кеткен.
Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалыпты. Қарауыл түн
ортасында бір қарап өтетіні бар.
Кейде құлыпты ашып, ішке
кіріп келеді. Қолында сөлеңдеген шырағданы болады. Дәл қазір
мына қызыл қырманның үстінен түссе, қуырдақтың көкесін түйе
сойғанда көргендей боласың.
Ол үйме топырақты еденге жайып, үстіне қамыс марданды
төсеп тастады.
Ну қамыстың арасында сыбдыры
білінбейтін жолбарыстың
жұмсақ жүрісімен бір-бір басып, есікке барып тың тыңдады.
Құдайдың бір құдіреті: қарауылға да жан берген. Ол да қалжырап,
қалғып кететін кезі болады. Дәлізде дыбыс жоқ. Жым-жырт.
Түрме емес, тылсым тұтқан көр сияқты. Тыныштық.
Рысқұл іргеге қайта оралып,
қабырғаны қары талғанша
қақырата берді. Бір азабы – уақыттың қай мезгіл екенін тап
басып тани алмады. Таң атпай тұрып үлгерсе. О, шіркін, далаға
бір шықса, тағысын тағы көрер еді де.
Қолдан құйған жалпақ қыш бір кезде қатая бастады, топырақ
ақ керіш тартты. Соған қарап, Рысқұл қабырғаның жұқарғанын
аңғарды. Қыштың сыртқы жағы қатты, себебі күн өтеді, құрғақ.
Жүрегі тарс етіп жарылып, жаны жаһаннамға
кеткендей
болды. Қарауыл есіктің құлпын бұрап ашып тұр екен. Рысқұл
дереу үңірейген тесікке жотасын беріп,
аяғын мардан қамысқа
созып жіберіп, жаман шекпенін жамылып қорылдады да қалды.
Қарауыл сықсима шырағданын сүйретіп алдына ұстап,
асықпай, абайлап кірді. Шырағданды көтеріп, іргедегі Рысқұлды
көрді.