54
Қызыл жебе
– Уа, Рысқұл, қайдасың, қарағым? Дені-қарның сау ма?
Тамақтан тарыққан жоқсың ба? – деп құлағының мүкісі бар
адамның әдетімен тіл қатты.
– Аз үй Шілмембет шілдің боғындай тоздық қой.
Қалған-
құтқан жалғыз-жарым малды старшын түтін салыққа деп
сыпырып әкетті. Қыс болса жақын. Не істейміз, нендей әрекет
қыламыз? Сен қашан босанып шығасың, шырағым?
Ар жақтан Рысқұл айқайлап тұр. Ахат оның бір сөзін естіп,
бір сөзін естімейді.
–
Метрейге хат жазыңдар, – деді Рысқұл дауыстап. – Рысқұл
жазықсыз түрмеде отыр деңдер.
– А? А? – дейді Ахат түсінбей. – Ол қай Метрей? Қайдағы
Meтрей?
– Былтыр мені ілестіріп, Талғардың басына шыққан ұлық
орыс ше? Ұмытып қалдың ба? Петерборда тұрады.
Хатты
қайда жазу керек екенін айтып маған бір қағаз беріп еді, – деп
тесіктен шиыршықталған қағаз ұсынды. – Қалтамда жүріп тозып
қалыпты. Жазуы өшпеген сияқты. Хат жазыңдар. Ол өзгелердей
емес, қайырымды орыс. Біздің оязға бір ауыз хат жолдаса, мені
босатады, құдай біледі.
– Қайдам, қарағым, болыстың тілмашы болмаса, біздің
тұқымда Петерборға хат жазатын кім бар? Тілмашқа жалынып
көрерміз. Омар туысқаның елге көшеміз деп күнде лаң
шығарады. Кәйтеміз? Көшпесек, болыс қырына бізді қатты алды.
Өзің кеткелі, ауылдың үстінен күнде ат ойнақтатады. Қартайған
ағаңның түрі мынау. Менде бүгінде ақыл-ес қалмады. Елге жетіп,
ата-бабаның қонысында сүйегім қалса – екі дүниеде
арманым
болмас еді. Көшейік десек, сенің үйінді жұртта қалай жалғыз
қалдырамыз? Ойым – ойран, ақылым – айран.
– Әй, бабай, болды. Все, – деп
қарауыл Ахат пен Тұрарды
тесіктен ығыстырып жіберді.
– Уа, Рысқұл, айтсаңшы! Не істейміз?
– Метрейге хат жазыңдар!..
Қарауыл Ахат пен Тұрарды қақпадан шығарып жіберді. Бала
қақпадан шықпай тырысып тұрып, алақандай тесікке қайта-
қайта қарады.