Қызыл жебе
бере алмаймыз. Біз өкімет адамымыз. Біздің де жауларымыз бар.
Бұзықтар әр елден табылады. Ал олар ауыздықталып, тыйым
салынбаса, алдындағы үлгісі Рысқұлдың әрекетін қайталап,
қауым бүлінеді. Ал бүлінген жерді бүтіндеу қиын екенін сіз
бізден гөрі жақсы білесіз. Сондықтан мен мына отырған қырық
болыстың атынан, бұлар мені қолдайды деп сенемін, Рысқұлды
әскери сотқа беріп, ең ауыр жаза қолдануын тілер едік. Осы
өтінішімізді ескерсеңіз.
Басқалардың санасына «әскери соттың» мәнісі енді жетіп,
бәрі де қойша маңырап қоя берді.
– Дұрыс айтады!
– Біздің де талабымыз сол!
– Өлім жазасына кесілсін!
– Басқа бұзықтардың жаны түршіксін!
– Болысқа оқ ату деген бұрын-соңды болмаған сұмдық.
– Тыйым салынсын!
«Болыс тұрмақ, Россияның патшаларына оқ атылғанын бұл
топастар білмейді-ау», – деп ішінен күлді ояз.
– Жә, мырзалар, бұл талаптарыңыз орынды. Бірақ орыс
мақалы айтқандай, құр сөзді қағазға тігіп қоя алмайсың.
Сондықтан осы арыздарыңызды қағазға түсіріп, қолдарыңызды
қойып, мөрлеріңізді басып беріңіздер. Кәне, әлгі тұтқын бала
қайда? Алдырыңдар. Біз аттаналық, – деді ояз.
Ояз басқалар сияқты малдас құрып отыра алмаушы еді.
Сондықтан астына қос жастықты бүктеп басып, басқалардан
биік отырған. Қазір ол орнынан жеп-жеңіл көтеріліп, тіп-тік
тұрған кезде, болыстар жағы қолдарымен жер таянып барып, екі-
үш ұмтылып әрең-әрең көтерілді.
Дастарқан жиналмай жатып, барлығы жапырылып ояздың
соңынан тысқа беттеген. Тұрарды алдына салып Мақаш келе
жатқан.
– Рысқұлдың баласы мынау ма? – деді Дат болыс қолын
көзіне көлегейлеп.
– Ажалы жоқ екен иттің күшігінің, – деп кіжінді болыстар
тобына сырттан қосылған Таубай старшын.
124
Қызыл жебе
Тұрған топты киіп-жарып, быртық Тұқымбай Тұрардың
жанына барды. Баланың бетіне ежірейе қарап қалып:
– Сені неге балалар Қызыл Жебе дейді а? Айтшы, – деді.
Бала кілең оқа-зерлі киім киген үлкендердің ортасында жүдеу
киінген жалғыз өзі екенін көріп, қорланғандай болды. Бірақ
осыншама ығай мен сығайлардың назары өзіне ауып тұрғанын
аңдап, бойын жиып алды. Тас түйіліп тұрып, Тұқымбайдың ірің
жиектеген жанарсыз көзіне бұқпай қарап:
– Қызыл Жебе жүйрік. Мен де жүйрік болғым келеді, – деді.
– Қарай гөр көктүйнекті!
– Айылын жимай тұруын күшіктің!
– Болар бала боғынан деген. Мынау болатын бала ғой, –
үлкендер бастарын шайқап-шайқап қойды.
– Сен Қызыл Жебені көріп пе едің өзің? – деп төнді Тұқымбай
баланың үстіне.
– Жазда Қаракемерде ас болғанда көргенмін. Көкем Қызыл
Жебеге мініп көкпар салған.
Тұқымбайдың ұмытшақ есіне енді бәрі түсті. Сол жолы
Рысқұл Саймасайдың сағын сындырған. Мына тұрған Мақаштан
көкпарды жұлып алып, Тұқымбайдың көмбесіне салым салған.
Содан шығар, Тұқымбай мына түрмеге кетіп бара жатқан
қаршадай балаға кенет рақымы түсіп, басынан сипады. Әлде
әкесінің Саймасайды өлтіргеніне ризалығын жасыра алмады ма.
– Алда байғұс-ай, – деп аяған болды.
«Адуын шал алжыған шығар», – деп басқалар бұл әрекетін
құптамады. Бірақ қанша қаратас жандар болса да, Тұқымбайға
дауыстап реніш айта алған жоқ. Тек ояз ғана:
– Пристав, баланы атқа мінгіз! – деп бұйрық берді.
Ояз өз нөкерлерімен атқа қонған соң, болыстар да қонақасыға
қарамай, шартарапқа тарай бастады. Тарқар алдында оязға арыз
жазып та үлгірді.
«Рысқұл Жылқайдаров тек бір болысқа ғана қарсы шығып
қойған жоқ. Ол сонымен бірге ақ патшаның заңына, әскери
губернатордың және Сіздің жарлықтарыңызға қарсы шықты.
Сондықтан оны әскери сотқа беруді талап етеміз. Егер біздің
осы өтінішіміз ескерілмесе, онда біз өзімізге сеніп тапсырған
125
Достарыңызбен бөлісу: |