Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет58/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
басқа управительдерге үлгі болсын. Хош, қымбатты Саймасай 
Үшкемпіров! Сенің жарқын бейнең біздің жүрегімізде мәңгі 
сақталады!
Ояз бас киімін кигенде, басқалар да бөріктерін асыға киіп 
алды.
– Рақмет! Рақмет! Ұлы мәртебелі мырза! – десті болыстар 
бастарын шұлғып.
Жер астына бар ала кеткені үш қат бөз болды. Оның өзіне жүрек 
тұсынан алақандай дақ түсіп, қарауытып қалған екен. Мақтаны 
қанша басса да, шып-шып қан шыға берген. Адам тия алмаған 
қанды топырақ тыйсын дегендей, жан-жағынан жабыла уыстап 
кесек салысты. Кімнің алғыспен, кімнің қарғыспен лақтырып 
жатқаны мәлімсіз.
Жеті молда қатар тұрып, басы имам болып кезек-кезек құран 
оқыды. Молдалар құран оқығанда жан біткен бір тізелеп, құбыла 
жаққа қарап, жапырыла отырып қалды. Кешегі қардан кейін 
жер лайсаң еді, етектеріне батпақ жабысты. Арғы-бергі ат жетер 
жердің болыс-управительдері түгел келіп еді, әсіресе, солардың 
оқалы қасқыр ішіктеріне обал болды. Сүйекті орап әкелген қалы 
кілем имамның астында жаюлы еді, ол жұрттың бәріне жете 
қоймады. Сірә, имамның қанжығасына бөктерілген де шығар.
Имамның қанжығасында әлгі кілем ғана емес, Саймасайдың 
небір асыл киімдері де кетер. Болыстың сүйегін жууға түскендер 
оның киім-кешегін бөліп алды. Сүйекке түсуге таласып қалғандар 
да бар. Тіпті жаңа ғана өлікті көрге саларда дененің белінен, 
аяғынан, басынан сүйемелдеп түсірген бұжыр орамалдардың 
өзіне сүйекшілер таласып қалды. Тірілердің тіршілігі сол. 
«Дүние-боқты жақсы көргендердің бірі – мына болыс еді-ау
дүние-боқ соған не опа берді?» – деп ойланар жан жоқ.
Болыстың киіміне таласқандар қанша көп болғанымен, оның 
тіршіліктегі күнәсін өз мойнына алатын жанашырлар табылмады, 
жаңа болысты үйінен қайтпас сапарға шығарып саларда, дүйім 
жұрт оның жаназасын оқыған. Жаназа оқылып болған кезде, 
имам дауыстап тұрып:
– Кәне, підияға кім шығады? Пенде болған соң оның 
мойнында күнәсі болмай тұрмайды. Ал, мұсылман қауым өз 


118
Қызыл жебе 
қандасын о дүниеге шығарып саларда оның күнәсін алып қалады. 
О дүниеге марқұм күнәдан пәк аттануы керек. Мұсылман салты 
сол. Кәне, қайсың бар, мұсылмандар? – деді.
Адам үрейленер тыныштық орнады. Саймасайдың күнәсін 
өз мойнына алуға ешкім беттемей тұр. Өйткені марқұмның бұл 
жалғандағы істеген зорлық-зомбылығы, күнәсі қисапсыз екенін 
көпшілік білетін. Сонша ауыртпалықты өз міндетіне алудан бәрі 
қашып тұр.
Саймасайдың жалғыз қалғаны осыдан басталды.
Имам тағы да айқайлады:
– Туысқандары қайда? Марқұмды күнәсінен арылтпай 
аттандыру тірілер үшін екі есе күнә. Талапкер жоқ па?
Ешкім тырс етпеді. Алдарында кілемге ораулы табыт көлденең 
түсіп, арашашы күтіп жатты. Тірілердің мына қорлығын Саймасай 
сезбейді-ау, сезсе түсінер еді: тіріде кім болғанын, өлгенде 
кім болғанын. Дәл табыт тұрған жерде бір кезде Қызыл Жебе 
бауыздалып еді. Сол араға Қамбар атаның қаны төгілген. Ана 
бұтаның түбінде Рысқұл байлаулы жатқан. Сол бір жаздың айлы 
түні Саймасай алдағы қыста дәл осы жерде табытта жататынын, 
өзінің підиясына ешкім шықпай қоятынын ойлады дейсің бе?
Имам тығырықтан шығудың амалын іздеп:
– Уа, Анарбай мырза, ағаңның підиясы болсын деп тағы да 
дұға оқимын. Түсіндің бе? – деді.
«Мұнымды ескерусіз қалдырма», – дегені ол. Имамның 
жетегінде бір қара кететін шығар. Дүние-боқты жек көрмейтін 
небір қорқаулардың өзі болыстың бар бәлесін өз мойнына артудан 
қорыққанда, имам ретін тауып тұр. Өлеңді жерде өгіз семіреді, 
өлімді жерде молда семіреді деген осы.
Ақыры соңында мүсәпір бір төбешік қала берді, жанында 
жан баласы аялдамады. «Ақ иық» атанған алпауыт болысты 
айналайын ағайын жер ошақтай обаға қырынан салып кіргізіп, 
ахиретке шыдамсыз шығарып салды. Бәрі де қаралы ауылға 
асықты. Ендігі бөліс сонда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет