Қызыл жебе
***
Араға апта салып Ташкенттен, генерал-губернатордан жауап
келді. Адъютант фон Таубеге құпия екі хатты ашпастан ұсынды.
Бірінші конвертті ашып:
– Нн-да, – деді фон Таубе хатты оқып болып.
«16-статья бойынша әскери сотпен соттау Жетісу губерниясына
жатпағандықтан, Рысқұл Жылқайдаровты әскери сотқа беру
мүмкін емес. Сонымен бірге оған қатаңырақ жаза қолдану үшін
жергілікті сотқа нұсқау беріңіз» делініпті хатта.
Фон Таубе екінші конвертті ашып шұқшияды. Хаттың сол жақ
шекесіне
«Генерал губернатор. № 0121.
Екінші шекесінде: Құпия
Жетісу болыстарының
Әскери губернаторына»
16 көкек 1905 жыл, Ташкент қаласы – деп жазылған жазу
тұр. Одан әрі мәтін кетеді:
«Менің алған мәліметтерім бойынша, соңғы кезде киргиз
ауылдарының арасында кейбір толқулар байқалған сияқты.
Бұл сірә, үкіметке қарсы орталықта жүріп жатқан зиянды
әрекеттердің әсерінен туса керек. Сондықтан да, жоғары
мәртебелі мырза, өз уезд начальниктеріңізге, учаскелік
приставтарға тәртіп беріңіз: көшпенділерге қатаң бақылау
орнатылсын, халықты бүлікке шақыратын сенімсіз адамдар
байқалса, дереу бізге хабарлап тұрыңыз және әлгіндей
көшпенділердің арасынан аластауға әрекет жасатыңыз...
Генерал-губернатор»
Қол қойылып, мөр басылға
н.
Фон Таубе екі жұдырығына мандайын тіреп отырып қалды.
«Түсінбеймін, – деді өзіне өзі, – қой аузынан шөп алмайтын момын
Жетісу деп бұл өлкеге өздері әскери сот пәрменін таратпайды.
Сөйте тұра киргиздар арасында толқу байқалады, абайлаңдар»,
– дейді. Әрине, абайлаймыз. Күні кеше Жайылма болысында бір
128
Қызыл жебе
топ белгісіз киргиздар урядникті өлімші етіп сабап кеткен. Ал
Жайылма управителі Нарсұлтан бізге ең сенімді адам.
Соның жерінде әлгіндей оқиға болып жатқанда басқалардан
не қайыр? Верныйдың ерлер гимназиясында үкіметке қарсы
марксшілдер ұйымы біраз жылдан бері өмір сүріп келіпті. Тіпті
сол ұйымның бір мүшесі, гимназияның кешегі түлегі Михаил
Фрунзе деген Петербургтен бір-ақ шығып, «Қанды жексенбі»
оқиғасына қатысқан. Қазір Иваново-Вознесенскіде большевиктік
насихат өртін лаулатып жүрген көрінеді. Бізге орталықтан саяси
тұтқындарды айдайды. Ал, олар болса мұндағы елдің басын
улайды. Сөйте тұра, Жетісудағы әскери соттың үкімі жүрмейді.
Логика қайда?».
Фон Таубе жез қоңырауды әдеттегіден қатты қаңғырлатты.
Сыптай адьютант сақпандай атылып кірді.
– Барлық уездердің начальниктерін ертең таңғы сағат
тоғызға шақырыңыз. Бәрін! – деді фон Таубе. – да, қала
жандармериясының полицмейстерін, облыстың түрме бастығын,
округтық сот председателін шақыруды ұмытпаңыз.
Фон Таубе емен ағаштан соққан қомақты креслодан ырғала
тұрып, терезенің алдына барды. Губернатор бағында ағаштар
жасыл пүлішке оранып, неше алуан құстар сайрап, арықтан су
сыңғыр-сыңғыр қоңыраулатып ағып жатыр. Бейіштің бағындай.
Эдем бағындай. «Бірақ Эдем бағында да бейбітшілік болған емес.
Онда да неше түрлі тартыс өткен. Бәрі алдамшы. Бәрі түс сияқты»,
– деп фон Таубе терезеден бетін бұрып әкетіп еді, императордың
көзімен көз атысып қалды. Император мұны кінәлағандай ызғар
шашып тұр екен. «Иә, императордың күні тағы тас-талқан
болады. Әлгі киргиздар айтқандай: «түйені жел шайқаса, ешкіні
көктен ізде». Жабайы түземдер де кейде осындай дана сөздер айта
алады. «Жабайы, жабайы» деп жүріп жалпамыздан түспейік...
Революция. Револьверден атылған оқтай қарып түсетін қандай
қорқынышты сөз. Бұл сөздің идеясымен түземдер уланса, сойқан
сонда болмасын. Бұлардың әйелдері ат пен түйенің үстінен
түспей толғатып, босана береді. Бір көтерілмесін, бір көтерілсе
– жауынгерлік рухы шығандап кететін шатақ ел. Ал, біз «момын,
129
Достарыңызбен бөлісу: |