Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет83/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
тергеуші шыдай алмай жөтелге буынып өліп қала жаздап 
қиқылдайды да, айдауыл Рысқұлды камерасына әкеліп тығады. 
«Ешқандай амал таппаған соң мына жансызын жіберіп отыр 
енді».
Рысқұл шақырылмаған қонақтан бойын аулақ ұстады. Анау 
мұны әңгімеге шақырып, сөз тартып көріп еді, Рысқұл оның 
айтқан орысшасын түсінбеген болып, иығын қиқаң еткізді де, 
безеріп қалды.
– Менің атым – Александр, – деді ұзын бойлы, жирен 
сақал. – Александр Бронников. Бұрын жалпы камерада едік. 
Енді сен жалғызсырамасын деп осында жіберді. Ал сен болсаң 
қуанбайсың, бұл қалай?
Білмейді, – деп күңк етті де, Рысқұл мойнын ішіне тығып, 
бешпетінің жағасымен бетін бүркеп, бүк түсіп жатып қалды. 
Тұрардың келуін күтіп, сақ жатты. Дәлізде тырс еткен дыбыс 
шықса, басын жерден жұлып алып тың тыңдады. Бірақ бүгін де 
Тұрар кешікті.
«Өзі арт айланбайтын зынданға мауыздай қылып мынаны 
қамағаны несі? Баламыз екеумізге жетпейтін жердің бұл қай 
жағына жатады? Онсыз да тынысы тар. Есік ашылғанша қайранда 
қалған балық құсап аузымызды ашып, алқынып шығамыз. Енді 
тым келістік қой. Қанша күнге жіберілген қу бұл? О, көкірегін 
құрт жеген залым көксау!»
Темір төсектің тақтайлары ойнақшып, құлай беретін болған 
соң, Рысқұл сол екі тақтайды тас еденге төсеп, соның үстінде 
отыратын. Тақтайсыз койка құр босқа орын алып тұрады. 
Бронников әуелі соның темір жақтауына шоқиып қана отырды. 
Салмақ салуға сескенді, қисаң ете түсе ме деп ойлады. Онсыз да 
шабақтары майысып, қалт-құлт етіп тұрған неме екен.
Жалғыз терезе – шел басқан көздей, мұнарта берді. Күн батып, 
көз байланған кез шығар. Терезе сыртынан ары-бері айналшықтап 
жүрген надзирательдің етігінің елесі құсап бір көлеңке қараң-
құраң етеді.
Бронников мына құдық сияқты тас қуысты көріп, бұрынғы 
жатқан жерім мұның қасында кең сарай екен ғой деп қалды. 


170
Қызыл жебе 
Демек, – деді ол, – мына жатқан қазақтың жазасы біздікінен де 
ауыр болғаны ма?
– Ей, дос, – деді ол дауысын жұмсағырақ шығаруға тырысып, 
– не үшін жатырсың?
Рысқұл үндемеді.
– Не үшін қамалдың деймін?
Рысқұл бұған бұрылып қарап еді, екі көзінен екі қанжар атылып 
шығатындай сұп-суық екен. Бронниковке жеп жіберердей, кірпік 
қақпай бір сәт қарап тұрды да, қайтадан бүк түсіп, жатып қалды.
Енді Бронников сасайын деді. «Алда иттер-ай, түрменің 
бастықтары мені жазалағандағы түрі-ау. Надзирательмен егес 
үшін. Мына жатқан бір баскесер шығар. Мені мертіктіру үшін 
осының үстіне әдейі әкеліп тықты-ау. Төбелессе, оңай беріле 
қоймаспын. Бірақ ұйықтап кетсем – қастандық жасар да. Сақ 
бол, Александр».
Бронников отырудың ыңғайын таппай, тар қуырда тікесінен 
тік тұрды да қалды.
«Намаздыгердің көлеңкесі құсаған неме екен, – деді Рысқұл 
ішінен. – Тірсегінен ұрып құлатар ма еді. Төбеден төнгені несі?»
Дәлізден надзирательдің етігінің тақасы тарсылдайды. 
Тас еденге тигенде тақалы етік табыттың қақпағына шеге 
қағып жатқандай сақ-сақ етеді. Тамұқтың есігін торып жүрген 
әзірейілдей, әлгі дыбыс шақ-шақ етіп миыңды шағып жатқандай, 
еріксіз тұла бойың жиырылып, аза көңілді қаза қылады.
– Е, тәубе, – деді Рысқұл дауыстап.
Мұнысы, сірә, тағы бір күн өтті, – дегені шығар. Ол:
– «Е, тәубе» – дегенде, Бронников, елең ете қалды. «Мынауың 
оңай емес, – деді ішінен, – Жетісудың губернаторын айтып отыр 
ғой».
– Таубені қайдан білесің? – деп сұрады.
Рысқұл түкке түсінбей оған бағжия бір қарады да, қайтадан 
жантая кетті.
– Е, тәубе, – тағы да.
– Генерал фон Таубе сенің досың ба, жоқ әлде соған арыз 
айтайын деп пе едің?


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет