161
Қызыл жебе
Бердіқұлдан басқа біреу болса, ашуға булығып, өкпесі аузына
тығылып алқынар еді. Мынау мырс етті де қойды. Басынан тері
телпегін алып, ұстарамен сыпырылған көгеріс шашын сипады.
Жазық маңдайы жиырылып, қатпар-қатпар, қараөзектей сызаттар
пайда болды.
Кеш болып бара жатқан кез еді. Күн
Саз-Төбеден әрі аунап
түскенде, шығыстағы Құланның үстін өрт шалып қара шоқылар
балқып бара жатқандай көрінді. Ілезде табы басылып, әлгі
шоқылар қайтадан қарауытып, состиып-состиып тұрысты.
Алсай ауылының жерошақтарынан от жылтылдады. Көгенде
бұршағына буынған лақ бақырды. Қарақойын бойынан шымшық
қорыған балалардың түңкелері қаңғырлап, «по-полаған»
дауыстары іргеден шыққандай естіліп тұрды.
Жыртық күркенің алдында, далада бөстек үстінде
отырған
Бердіқұл мына әдемі кештің сан құбылма дауысын құлағы қалт
жібермей, үн қатпай қалғып кеткен сияқты еді. Мамырлықты
Сақан палуан бұзды.
– Ей, Бердіқұл, елемей отырсың ба? Ер қайда? – деді.
Бердіқұл тағы да мырс етті. Қысқа мұртын ширатпақ болды.
– Сақа,
болмайды ғой, – деді.
Сақан палуан қарақұрт шаққандай шаңқ ете қалды.
– Не! Неге болмайд?! – Қамшымен бөстектің шетін тағы бір
салып қалып еді, шаңы бұрқ етті. Ошақ басында тезек қалап
отырған Бердіқұлдың келіншегі Қатшагүл де қамшы дәл өз жон-
арқасын
осып өткендей, орнынан ыршып түсті. Тек ошақтағы от
қана жел шалықтағандай болмай, ештеңеден сескенбей, маздап,
түн түскен сайын түсі нұрланып,
лала қызыл тастай құлпыра
берді.
– Ағайын деп сен ынжыққа ақылымды айтып отырсам, – деді
Сақа палуан.
Осындай мамыр кеш пен барқыраған басбұзар дауыс
үйлеспейді-ақ. Кешкі тымық дүние тағы еліктей елеңдеп,
үркектеп тұр. Сақан палуан тағы бір айқайласа тұра кеп түріле
қашатындай мына түн.
–
Қара басып, Қарақойыннан қуылайын деп отырсың ғой,
өңшең шірік. Әлімбек бабамнан садаға кеткір, түге! Дауылбай