ҚОБДА - Ақтөбе облысында ¥лықобда, Кішіқобда,
Қарақобда, Сарықобда деп аталатын өзендер бар. Жайық
өзенінің бассейндері болып табылады. Бул сөздің этимоло-
гиясы туралы төмендегідей материалдарды
келтіруге бола-
ды: тәжік тілінде -
хавза - геогр. геол. бассейн, котловина
(Таджикско-русский словарь. М., 1954, стр. 494); туркмен
тілінде
ховдан (ховда: н) - водохранилище,
большой водоем
(Туркменско-русский словарь. М, 1968, стр. 699). Туркменияда
Ховдан (Ховдан) болып келетін бірнеше гидроним бар (С. Ата-
ниязов. Түркменистанның топонимик сөзлүги. Ашгабат, 1970,
242 беті).
Қобда//хавза//ховдан сөздерінің мағыналас болып
келуі, булардың бір нусқадан тарағанын дәлелдейді. Біздіңше
бұл иранның (тәжіктің)
хавза (су койма, бассейн) деген сөзінен
тараған. Бүл атаудағы
з дыбысының д
дыбысымен туыстас
екенін көрнекті тюрколог Н.К. Дмитриев дәлелдеген болатын
(Н.К. Дмитриев. Согласные ф и + в
тюркских языках, ИСГТЯ,
1 фонетика, М., 1955, стр. 249-253). Ол коне түркі
тілдерінде
тіс аралық спиранттардың болганын Жайық өзенінің атын грек
авторлары біздің эрамыздың II ғасырында Даіх деп жазғанына
қарап айтқан еді. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл дыбыстар
башқүрт жэне туркмен тілдерінде сақталған. Осы жагдайларды
айта келіп, Н.К. Дмитриев з, дз, д дыбыстарының алмасқанын
көрсетеді (Сонда, 250 беті). Бүл дыбыстардың ішінде d коне
екені айтылды. Ендеше иран тілінен
Хавза атауы
ертеде осы
өзен атына қойылған кездің өзінде-ақ
з дыбысын тіс аралық
спирант
дз дыбысына айналдырған. Сөйтіп бүл гидроним
иран
тілінен өтіп, мынадай дыбыстық өзгерістерге түскен:
Хавза>Хабс1а>Қобда. Беретін мағынасы: өзен, су қоймасы.
Кішіқобда, Қарақобда, Сарықобда деген атаулар осыған сәйкас
Кішіөзен, Қараөзен, Сарыөзен дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: