Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет121/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

Сайыр алғашқы, ал с а й ы з / / с а я з одан кейінгі екенін байқау 
қиын емес. Монгол тілінде «қайырлау», «езеннің суы тарты- 
лу» дегенді сайыртах дейді (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша- 
қазақша сөздік, Уланбатор, 1954, 148 беті). Монгол тілінде де 
сөз түбірі с а й р , а л - т а х қазақша - л а + у формасына сай келетін 
жүрнақ: Бүл сөз сайыз//саяз//тайыз мағынасында монгол 
тілінде ротацизм формасында сақталған.
Сайрам атауындағы сайыр түбіріңен кейін келетін жүрнақ 
бір компоненттен түра ма, жоқ а+м жолымен жасалган ба, оны 
айту қиын. Біз тек осы мәселені шешуге көмегін тигізер деген 
екі фактіге көңіл аударғымыз келеді.
1. 
М. Қашқари заманында -(a) м жүрнагы сын едім жасайтын 
формант болған. Мәселен онда қүшақ деген сөз кучам түрінде 
қолданылып, оган «бір кучам нэң» (бір күшақ нәрсе) деген мы- 
сал берілген (1 т. 378 беті). М. Қашқари енбегінің грамматикалық 
көрсеткішін жасаган Қ. Мақмүдов қүчам сөзін сын есім деп 
түсіндіреді (Индекс-лугат. Ташкент, 1967, 407 беті). Бұдан -/а/м 
жүрнагьі сын есім жасайтын көне жұрнак екенін байқадық.
175


2. 
Қырғыз тіліндегі с а й р о о н сөзіне К.К. Юдахин сөздігінде 
мынандай түсінік берілген: « С а й р о о н - наносная мель, от­
мель; мелкое место в реке, удобное для переправы» (Киргизско- 
русский словарь. М., 1965, стр. 622).
Түркі тілдерінде м/н дыбыстары алмаса беретінін ескер- 
сек, қырғыз тіліндегі сайроон сөзі Сайрам атауымен бір сөз 
екеніне шуба болмаса керек-ті.
Бул келтірілген деректер аталған журнақ екі элементтен 
турады деуге көңілді көбірек дауалатады. Сонда с а й ы р түбірі 
сын есім болса, оган а қосылып етістікке айналдырып, оның 
үстіне м қосылып қайта сын есім болған деген жорамал да 
көңілімізде жоқ емес.
Қорыта келгенде Сайрам атауы түтасымен де, оның с а й р де­
ген бөлімі де с а й ы з дегеннің көне түрі.
Бул сөздің арғы түбірі сай болуы да ықтимал, өйткені татар 
тілінде сай (неглубокий, мелкий; неглубоко, мелко); сай елга 
- неглубокая (мелководная) река; сай чокыр - неглубокая яма; 
сай жир неглубокое мелкое место, мелководье; с а й г а у т ы р у
в разн. знач. сесть на мел; т и р эн е л г а а г а р т а в ы ш с ы з , сай 
е л г а агар шалтырап поел., глубокая река течет без шума, мел­
кая - с шумом (Татарско-русский словарь. М., 1966, стр. 462).
Азербайжан тілінде де «сай - мель; к э м и с а я о т у р д у ко­
рабль сел на мель» (Азербайджанско-русский словарь. Баку, 
1951, стр. 175).
Қорыта келгенде тарихи қалданың аты Сайрам сол жердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет