зерттеулердің ішіндегі ең дұрысы, - біздіңше, СССР Ғылым
академиясының корреспондент мүшесі,
белгілі совет тіл мама-
ны Б.А. Серебренниковтың «Башқүрттілінің венгер тілімен бай-
ланысы» (Уфа, 1963) деген еңбегі. Автор мүнда венгер тілі мен
башқұрт тілдерінің арасындағы фонетикалық ұқсастықтарды
көрсете келіп, бүл екі халық Орал тауының шығысында,
дәлірек айтқанда, Оңтүстік Оралда
қарым-қатынаста Болған
деп керсетеді.
Біздің ойымызша, бұл дұрыс пікір сияқты. Венгерлер 895
жылы батысқа қозғалғанға дейінгі территориясы оңтүстік
Оралды, Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарының
кейбір жерлерін қамтыған деуге болады. Бүл пікірге екі-
үш дәлел келтірейік.
Венгерлер өздерін Мадьяр деп атайды.
Мемлекетінің де ресми аты - Мадьярорсаг. «Венгер. Венгрия»
деп оларды Европа халықтары атайды. Міне осы
Мадьяр аты,
біздіңше, Ақтөбе облысындагы
Муға(д)жар тауының атында
сақталған. Егер топонимдерде тілдің
көне формалары көбірек
сақталатынын ескерсек, мадьярлардың көне аты -
мүғаджар
болуы да ықгимал, немесе оларды осылай деп түркі тайпала-
ры атауы мүмкін. Бүл атаудың өзгеріске түсу
схемасын былай
көрсетуге болады:
мұғаджар>мұ(ғ)ад-жар>маждар>мадьяр.
Сөздің бірінші бөліміндегі дауысты дыбыстардың арасындағы
ғ дыбысының түсіп қалуы түркі тілдері үшін заңды қүбылыс.
Мысалы,
қа ған>қан, бағадүр>батыр сөздерін салыстырыңыз.
Венгерлердің этникалық қүрамына көптеген түркі тайпала
рының еніп, тілін өзгертіп,
мадьяр болып кеткенін ескерсек,
жогарыдағы пікірдің дүрыстыгы беки түседі.
Достарыңызбен бөлісу: