тольд көрсеткен. Ал
Сыр өзенінің
этимологиясы қазақ, өзбек,
қырғыз т. б. түркі тілдеріндегі бояу мағынасында қолданыла-
тын
сыр сөзімен байланысты болуы да ықтимал,
өзеннің
бұлай айтылуына Сыр суының бояулы, сырлы су тэрізді ый-
лаланып ағуы себепші болса керек
- деген пікірде болатын-
быз (А. Әбдірахманов. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы,
1959, 94-96-беттері).
Бірақ бүл атаудың этимологиясы жөніндегі Қ. Өмірәлиев-
тің соңғы жылдардағы зерттеулері жоғарыда айтылған
пікірлерді
қайта
қарастыруға
себеп
болды.
Алдымен
Қ. Өмірәлиевтің деректерін келтірейік. Ол
былай деп жазып-
ты: «сонау 1 ғасырдан бермен қарай Силис Сыр өзені деп атап
келеді. Силистің «Сыр» түріне өзгеруі осы өңірдегі түркі тай-
палары тіліндегі
л//р алмасуының екінші кезеңі Х-ХІ ғасырмен
тұстас болуы мүмкін: Сонда
Сил (-ис) қандай магыналы сөз?
1 ғасырда
Силис аталған өзеннің ежелгі Сил сыңары түркі тілін-
де, дэлірек айтқанда, осы өңірдегі тайпалар тілінде інжу (йінжу)
сөзінің синонимі ретінде қолданылған. Ежелгі иран тіліндегі Як-
сарт («нағыз інжу») осы сөздің аудармасы болуы мүмкін. Олай
дейтініміз қазіргі чуваш тілінің диалектісінде «інжу» деген
мағына
беретін селем деген сөз сақталған (Чувашско-русский
словарь. М., 1961, стр. 323). Тегінде бір мағынадағы осы
сел/-
ем/ мен
Сил/-ис/ сөздерінің құрам жағынан күрделенген
бір түбір болуы ықтимал» (Қ. Өмірәлиев. «Қазықұрт» жэне
оған қатысы бар топонимдер жайлы. «Қазақстан мектебі».
№ 4, 1967, 81- 82-беттері).
Келтірілген пікірден біздің эрамыздың бас кезінде С и
л и с атанған өзен атының Сырдария бойына огуздар келген
кезеңнен С ы р атанғанын аңғарамыз. С ы р гидронимінің эти
мологиясы туралы жоғарыдай көрсетілген
авторлардың пікірін
қорытындылай келіп, мынаны айтуға болады. Біздің эрамызға
дейінгі Александр Македонский заманынан ерте орта гасырға
дейінгі С ы р өзенінің тарихтағы алғашқы аты - Яксарт.
189
И. Маркварттың зерттеуі бойынша
бұл кэне иран тіліндегі
«iaxsarta» (истинный жемчуг - нағыз інжу) сөзінен қойылған.
Ал көне түркі жазуларындағы Сырдың аты -
йенчу угуз
(інжу өзен) осы көне иран тілінен аударылып алынған. Бұған
сол
кездегі қытай нұсқалары Сырды Чжень - чжу -хэ (река
истинного жемчуга) деп атауы да дәлел. Олай болса
Сил
Достарыңызбен бөлісу: