Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет123/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

Саміз+канд. Атаудың алғашқы Самар//Саміз бөлігіндегі сөз 
аяғындагы р//з түркі тілдеріндегі ротацизм қүбылысы. Бүл 
дыбыстардың тарихи алмасуы жайында біз жоғарыда Сайрам 
(қараңыз) атауын талдағанда толық тоқталғанбыз, сондықтан 
қайталап жатпаймыз. Біз бүл арада Н. Қ. Дмитриевтін р мен з
177


дыбыстарының алмасуы абсолютті емес, кейде бұл құбылыстар 
керісінше бола береді деген пікірін еске сала кеткіміз келеді 
(Н.К. Дмитриев. Соответствия р//з. «Исследования по сравн. 
грамматике тюркских языков», 1, фонетика, М., 1955, стр. 222). 
Р//з дыбыстарының қайсысы ерте деген мәселеде екі түрлі 
пікір бар екенін айта келіп, Н А. Баскаков тюркологтардың 
басым көпшілігі р дыбысы ерте дегенді қолдайтынын айтқан 
(Н. А. Баскаков. Примечание № 4, на стр. 212 в книге М. Рясенена: 
«Материалы по исторической фонетике тюркских языков». М., 
1955). Осы пікірлерге сүйене отырып Самарканд қаласының 
атында коне р дыбысы сақталып қалғанын көреміз. Ал Самәр 
сөзі семіз мағынасында чуваш тілінде осы күнге дейін бар 
(Г.И. Рамстедт, Введение в алтайское языкознание. М., 1957, 
стр. 199). Ал атаудың екінші белімі кент Иран сөзі екенін акад. 
В.В. Бартольд айтқан болтын (История культурной жизни Тур­
кестана, стр. 38).
САРҚАН - Талдықорған облысында басы Жоңғар Алатауы- 
нан басталып, Ақсу өзеніне қүятын өзен аты. Осы аймақтағы 
аудан және аудан орталығының аты өзен атынан қойылған. 
Бүл қазақша Сарқант, орысша Сарка болып қате жазылып 
жүр. Жергілікті қазақтар өзен Сарқан деп атайды. Сарқан аты 
Сарықан атынан қысқартыла айтылады.
Э.М. Мурзаев -қан термині Азияда өте кең аймактан 
тарағанын айта келіп, оның тілдік екі арнасы бар екені 
көрсетеді: 1) Кан - тәжікше, өзбекше «қанал» деген сөз Шығу 
тегі жағынан иран тілдеріндегі кан (қазу) етістігімен түбірлес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет