Н. Қарашеваның мақаласында жоғарыда көрсетілген және
басқа авторлардың мақалалары талданады. Сонымен бірге автор
қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігіне қандай сөздер
енуі керектігі жөнінде өз пікірі ортаға салады.
Жоғарыда
көрсетілгендей
академик
I.
Кеңесбаевтың
және Ә. Қайдаровтың, Ж. Болатовтың, Ә. Қүрышжановтың,
Ш. Сарыбаевтың, Н. Қарашеваның, Л. Махмұтовтың, С. Иса-
евтың, Б. Сүлейменованың, Б. Бафинның авторлығымен 1966
жылы «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» жарық
көрді, көлемі 12 баспатабақ.
Сөздікте 337 сөздің этимологиясы талданған. Бұлардың ба-
сым көпшілігі - қазақ сөздері. Сонымен бірге мүнда Иран, араб,
монгол, орыс т. б. тілдерден енген сөздер де бар.
Кітаптың алғы сөзінде пайдаланылған әдебиет жайында,
сөздіктің сипаты мен мақсаты, құрылысы, сөздік мақалалары-
ның мазмұны мен жазылу тәртібі туралы мәліметтер берілген
(авторы Р. Сыздықова).
Авторлар еңбекте сөздің тілдік төркінін, яғни қай тілге жата-
тынын, сөздің ең бастапқы құрамы мен о бастағы семантикасын,
казак тілінің өзіне тән сөздерінің қүрамын анықтауды мақсат
етіп қойған. Міне осы қойылған міндет, біздіңше, негізінен
орындалған. Сөздікте дұрыс ғылыми зерттеу нәтижесінде
көптеген сөздерді этимологиясы қызықты баяндалган. Бірер
ғана мысал келтірейік.
Түркі тілдеріндегі
іш+тон сөздерінен жасалған
штан сөзі
орыс тіліне енген.
Ол бастағы
чуен, шөвген, шойын формасындағы түркі сөзі
орыс тіліне
чугун түрінде еніп, кейін орыс тіліне қазақ тіліне
Достарыңызбен бөлісу: